Новости
2022 жылғы 26 қыркүйек күні «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өтті
- Подробности
- 31
2022 жылғы 26 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өткізілді.
Шараға «Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-кешенінің жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков, Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының Ұлттық және шетел әдебиеті бөлімінің жетекшісі Айнагүл Әбілқызы Секренова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлнар Сәдуақасқызы Обаева қатысып, жазушы қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармалары мен сұлулық пен ізгілікке құштар. өмірінің ерекше бір кезеңдері жөнінде және оның басты мұраты ұлт рухының өлмеуі болғандығы әңгімеге алтын арқау етіп алынды.
Оқырмандар жазушы шығармаларынан орын алған кейіпкерлер өмірі туралы сауалдарын қойып, жазушының шығармашылық зертханасының қыр-сырын түсінді.






2022 жылғы 23 қыркүйек күні «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында...
- Подробности
- 30
2022 жылғы 23 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы кітапхана «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап – ғажайып, сырлы әлем!» Кітап мерекесін өткізді.
«Зеңбірік» ескерткіші алаңында өткен мерекеге мектепке дейінгі ұйымдардың балалары белсенді қатысты. «Жидек» бала бақшасының бүлдіршіндері «Бидай дәні» ертегісіне көрініс көрсетіп, жырдан шашу шашты.
Балалар «Көңілді көжек» ертегісін тыңдап, әдеби ойындарға қатысты.
«Ертегі әлемінде» кітап көрмесі жасақталып, журнал-crossing ұйымдастырылды.











2022 жылғы 21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеш өтті
- Подробности
- 29
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы жүзеге асырылып, оқырмандардың рухани дамуына мүмкіндіктер беруде.
Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін арттыру; адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; балаларға үлгі болатын облыстың танымал, жетістікке жеткен тұлғаларымен (жазушы, кәсіпкер, спортсмен, суретші, әнші және т.б.) таныстыру.
2022 жылғы 21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараға ақын, журналист, өнер зарттеушісі Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов, детектив жанрын дамытушы, аудармашы, баспасөз қызметінің үздігі Зияш Қалиқызы Телеуова және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жас ақындардың жанашыры, ақын Гүлімай Әбішқызы қатысып, тағылымды әңгімелерін айтып, балалардың білім көкжиегін кеңейтсе, жазушылық қолтаңбасы бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әрқайсысы әр түрлі мектептің мықты өкілі болып саналатын ақтөбелік қаламгерлермен жүзбе-жүз сұхбаттасудың сәті түскенде оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін сұқбаттасты.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері қаламгерлердің шығармаларын оқып, кітап оқудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.









14 қыркүйек күні «Жанұя кешені – жылулық мекені» кездесу кеш өтті
- Подробности
- 33
14 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Отбасы күніне арналған «Жанұя кешені – жылулық мекені» кездесу кеші өтті.
Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және Мырзалиевтар, Тұяқовтар отбасылары қатысты.
Шара барысында ұстаз, ардақты ана, ақжаулықты әже Ұлмекен Қаниқызы Тұяқова ел ішін ауыз біршілікке, білімге, елін, жерін қорғауға шақырған қазақтың қанатты сөздері жайлы ой-толғаныстарымен бөлісіп, бабадан қалған даналық сөздің құдіретін бағалай білуге шақырды.
Ал Мырзалиевтар отбасының тірегі Ержан Ауезханұлы кітаппен жақын екендігін, оқыған қызықты кітаптары туралы әңгімелесе, отанасы Фарида Мырзалиева бала тәрбиесінің маңыздылығын айтып. балаларды кітап оқуға шақырды.
№8 орта мектептің оқушылары Анель Ерланқызы, Айару Амантаева, Сабина Болатова Ахмет Байтұрсынұлының «Қозы мен Қасқыр» шығармасынан көрініс көрсетсе, №62 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Жанерке Мергенова «Ата-әже» әнін тарту етті.
Шарада оқырмандар «Кім тапқыр?» ойынында берілген сөздерден отбасы, кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды.
«Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.










2022 жылғы 13 қыркүйекте «Өздеріңмен біргемін» ақпарат сағаты өтті
- Подробности
- 39
2022 жылғы 13 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Құрмалиннің туғанына 95 жыл толуына орай «Өздеріңмен біргемін» ақпарат сағатын № 42 жалпы білім беретін орта мектептің 7 класс оқушылары арасында өткізді.
Шара басында балалық шағын соғыс жылдары тез есейткен, өзінен кейінгі талай жас буынның қанаттануына ықпал еткен ақынның өнеге толы өмірінен сыр шертілді. Туған жерге деген перзенттік махаббатынан туған патриоттыққа толы өлеңдері мен балаларға арнап жазған сыршыл жүрекке жылы тиетін өлеңдері оқылып, таныстырылды.
Оқырмандар назарына «Өлеңім өз жанымның парасаты» атты кітап көрмесі ұсынылды.




2022 жылғы 8 қыркүйекте кітапханаға «Зерде» жеке мектебінің оқушылары келді
- Подробности
- 37
2022 жылғы 8 қыркүйекте біздің кітапханаға «Зерде» жеке мектебінің оқушылары қонақта болып, кітап әлеміне саяхат жасады. Жас оқырмандар танымдық балалар энциклопедияларына, 3D форматтағы кітаптарға қызығушылық танытты. Сонымен қатар «Айгөлек», «Балақан», «Балдырған», «Балалар әлемі», «Мөлдір бұлақ» журналдарымен танысты.











.png)
