Новости
2022 жылғы 10 маусымда «Менің құтты мекенім, сені мақтан етемін» атты өлкетану сағаты өтті
- Подробности
- 35
2022 жылғы 10 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «KIDS BOOK FEST – 2022» фестивалі аясында Абай гүлзарында Ақтөбе облысының 90 жылдық мерекесіне орай «Менің құтты мекенім, сені мақтан етемін» атты өлкетану сағатын өткізді.
Кітапхана қызметкерлері күн сайын өсіп өркендеп келе жатқан құтты мекен Ақтөбе облысының жылдар белесіндегі сан қырлы жетістіктерін, талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе туралы ақпарат берді. «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ару қалам Ақтөбем» атты әдеби-монтаж ұсынды.
Оқырмандар назарына балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Бірі жасын сөзімен, бірі жауһар жырымен» атты кітап көрмесі ұсынылып, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.







2022 жылғы 2 маусым күні «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 36
2022 жылғы 2 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арнап М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат ұйымдастырды.
Шарада Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі болған халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі - мемлекеттік рәміздеріміз туралы терең ақпарат берілді. Жас жеткіншектердің отансүйгіштік сезімін оятып, рәміздерді құрметтеуге үндейтін өлең-жырлар жатқа оқылып, мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірі асқақтатылды.
Оқырмандар назарына «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.



2022 жылғы 19 мамыр күні «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл!» әдеби кеш өтті
- Подробности
- 38
2022 жылғы 19 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 6 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 7 класс оқушылары арасында ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл!» әдеби кешін өткізді.
Оқушылар Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өмірі және рухани мұрасымен танысып, ақынның рубаиларынан әдеби монтаж ұсынды. Белсенді оқырман Амандық Жансұлтан «Тәлім» термесін орындады. Ақынның шығармашылығы бойынша естелік бейне таспалар мен слайдтар көрсетілді.
«Дария жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.





2022 жылғы 17 мамыр күні Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған өнер сағаты өтті
- Подробности
- 35
2022 жылғы 17 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Қазақ опера және эстрада әншісі , Қазақстанның халық қаһарманы атағының иегері Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өнер. Өмір. Өнеге» өнер сағатын өткізді.
Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен кәсіби өнерінің өркендеуіне қосқан үлесі, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылып, Роза Бағланова туралы «Ақмаңдайлымды шырқаған әнші» бейне фильмі көрсетілді.
Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән-ғұмыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.






2022 жылғы 12 мамыр күні "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті
- Подробности
- 55
2022 жылғы 12 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті.
Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және №22 орта мектебінің 5 класс оқушылары мен тұрақты оқырманымыз Ізбагамбетовтер отбасы қатысты.
Сұхбат барысында отбасының тірегі Ізбагамбетов Оралбай немерелерінің кітапханаға жиі келетіндерін, кітаппен жақын дос бола білгендері жайлы әңгімеледі.
Отанасы Ізбагамбетова Айсұлу балалары мен немерелеріне дұрыс тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Ал анасы Салтанат балаларының оқудағы жетістіктері туралы үлкен сүйіспеншілікпен және мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады. Балаларды кітап оқуға шақырды.
Шарада оқырмандар ой сергіту айдары бойынша «Кім тапқыр?» ойынында берілген сөздерден отбасы, кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды. «Талант студио» шығармашылық орталығының білім алушысы
Сисемби Аяжан «Ата-әже» әнін тарту етті. «Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.




2022 жылғы 6 мамыр күні «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өтті
- Подробности
- 42
2022 жылғы 6 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 312 атқыштар дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне арналған «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі алаңында Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күніне арналған «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өткізді.
Шараға Ақтөбе облыстық Ауған соғысының ардагерлері, Ауған соғысы жауынгер интернационалистер қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Амангелді Бәйішұлы Жұмабеков, Жантөре Қантөреұлы Көптлеуов қатысып, өз өмірін халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт астындағы өмірін қорғауға арнаған ардагерлеріміздің өнегелі өмірін үлгі етіп, оларды ерекше құрметтеуге және өз елінің адал перзенті деген атқа лайықты болуға шақырды.
№1 музыка мектебінің өнерпаздары, Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, Ғұбайдолла Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, 11, 42, 45, 55, жоғарғы сынып оқушылары «Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім»» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді», «Қазақстан Қарулы Күштері - азаттық сақшысы» кітап көрмелері ұсынылды.













.png)
