Новости

Новости

   2023 жылғы 10 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы педагогикалық  колледжі жанынан ашылған  «Зерде» жеке мектебінде «Кітаптаханамен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының    әдеп  сабағы  өткізді.

Шараға өлкетанушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер және Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енген ардагер ұстаз Сергалиева Райгүл Ақтөреқызы және ақын, жазушы,әуесқой сазгер Қазақстан журналистер одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, көп жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарған ардагер ұстаз Арықова Асылгүл қатысты.

Арықова Асылгүл оқырмандарды отбасымен бірге кітап оқуға, атамекен мен туған жерін қорғауға шақырған ой-толғаныстары жайлы әңгімелеп, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері жайлы айтып қана қоймай, бабадан қалған даналық сөздің құдіретін бағалай білуге шақырды. Ал Райгүл Ақтөреқызы экран арқылы қоғамдағы болып жатырған келеңсіз жағдайларды байланыстыра отырып балалар мен ата –аналар арасындағы ынтымақтастықты қалай қалыптастыру керектігі туралы тренг ұйымдастырды.

«Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері «Әдептіміз бірге» айдары бойынша Ертай Ашықбаевтың «Әдеппен сөйлеп әдеттен», Ө. Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз, Абдрахман Асылбектің «Әдепті бала» өлеңдерін оқыды.

«Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

412356

       2022 жылғы 29 желтоқсанда мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Ымырттағы кітапханада» оқырмандар үшін «Жаңа жылдық шыршаға ойыншақтар жасаймыз!» шеберлік сағаты өткізілді.  «Нарқыз» жыр мектебінің оқушылары ән-жырдан шашу шашып,  мерекелік құттықтауларын арнады.  Аяз ата мен Ақшақар қызықты ойындарына белсенділік танытқан балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.  

      «Сиқырға толы Жаңа жыл!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

 

       Бүгін «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  арналған «Елімнің бақыты – Тәуелсіздік!» салтанатты кеш Б.Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебінің, «Білім» мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен өтті.

      Жас патриоттар «Желтоқсан желі»,  «Батырлар ұраны» әндерін орындап,  патриоттық өлеңдер оқыды. «Білім» мектеп-гимназиясының өнерпаздары «Әжесі мен немересі» атты көрініс қойды,

      Оқырман назарына «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

      2022 жылы 22 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Мен өнерлі баламын, жарқыраймын, жанамын!»  өнерлі оқырмандарымызбен кездесу кешін  ұйымдастырды.

     Шараға М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимгазиясының  5 класс оқушысы дарынды  оқырманымыз Шамшырақ Қадыржан  қатысып,  жетіген, гитара, укелеле аспаптарында ойнаудың қыры-мен сырымен,  өнер жолындағы, сән әліміндегі өзінің жетістіктері мен оған жету жолындағы қиындықтар мен қызықтары туралы бөлісті.

     Ақжар қайырымдылық мекемесінің білім алушылары қатысып, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының би үйірмесінің бишілері би өнерінің құдіретімен, сұлулығын тәнті етсе, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары спорт өнерінің маңыздылығымен бөлісті.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

     2022 жылғы 14 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар     кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Б.Иманғазинаның 80 жасқа толу құрметіне арналған «Асқар биікке аяқ басқан» әдеби кеш өткізді.

     Шарада оқырманды шынайылығымен, тілінің жеңілдігімен баурап алатын, қоғамдағы мүгедек аналардың басына түскен ауыртпалықты көтерген жазушының  «Тауқымет» романы туралы және өмірі, шығармашылық жолы туралы баяндалды

     Оқырмандар шығармадан қандай тәрбиелік ой түйгендерін, басты кейіпкер Сананың  ауыр тағдыры мен жігерлілігі туралы пікірлерімен бөлісті. Белсенді оқырмандар Ертай Ашықбаев пен Иран-Ғайыптың «Бибі-Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

1

2

3

4

     2022 жылғы 13 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында «Мінсіз талант, мінезді өлең» атты жыр сағатын өткізді.

     Шара барысында елдік, ұлттық мүдде үшін шындықты ту етіп, арына жалау еткен  қоғам қайраткерінің  өмір жолы туралы мәлімет беріліп, жастық шақ пен әдебиет әлемінен сыр шертетін ескерткіш фотолары таныстырылды.  Ақынның  ерекше талғампаздықпен  жазылып, оқырман қауымды толғандырған «Төрт ана»,  «Рух пен тіл»,  «Өзендер», «Жігерлендіру» атты  өлеңдері оқылды.

     Оқырмандар назарына  «Даланың дархан данасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, ақынның сан алуан  тақырыпты қамтыған, әр жылдарда  жазылған  өлеңдері мен дастандары, поэмалары енгізілген кітаптары таныстырылды.

1

2

3

4

5