Новости
2022 жылғы 12 тамызда «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.» тақырыбында кітап көрмесі өтті
- Подробности
- 42
2022 жылғы 12 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FESТ – 2022» фестивалі аясында біздің кітапхана «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кішкентай оқырмандарымыздың назарына ғарыш әлемі мен қоршаған ортаны танып білуге, мемлекеттер мен әлемнің керемет жерлерін түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақтар ұсынылды. Балалар 365 күнге арналған «Әдеп әлемінде» әдеп әліппесі, «Правда или нет?», «First words», «АВС» английский алфавит кітаптарымен танысып, әдеби ойындарға қатысты.
2022 жылдың 12 тамызында кітапхана Жастар күніне орай Абай гүлзарында «Жас мұраты – білім, тәлім-талабы – өнер, оқу – жастықтың қару-жарағы» атты сұхбат-кешін өткізді. Еліміздің келешегі жастардың әлеуметтік келбеттерін бағдарлап, ой-пікірлерін саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды.
Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.








2022 жылғы 26 шілдеде кітапханаға «Тілашар» оқу орталығының оқушылары келді
- Подробности
- 32
2022 жылғы 26 шілдеде кітапханамызда «Тілашар» оқу орталығының оқушылары қонақта болды. 30 шілде – Халықаралық достар күніне орай «Адал дос», «Достарды қалай таңдаймын?», «Кел, достасайық!», «Достық жоралғы» атты кітаптармен танысты. Балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар оқыды.






2022 жылғы 4 шілдеде «Астана аласармас – асқақ рух» атты патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 30
2022 жылғы 4 шілдеде Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Campit» жазғы балалар демалыс лагерінде ҚР елордасы күніне арналған «Астана аласармас – асқақ рух» атты патриоттық сағат өткізді. Балалар жаңа дәуірдің жасампаз шаһары елордамыздың тарихы мен өсіп-өркендеуі, заманына сәулеті жарасқан сәнді ғимараттар мен көрікті жерлерімен танысты. Ақындарымыздың елорданың әсем келбетіне арнап шығарған отты жырлары оқылды. Лагерьде демалушылар назарына «Ұлт мақтанышы» кітап көрмесі ұсынылды.



2022 жылғы 1 шілдеде «Жүрек үнін естіген домбыра» тарих сағаты өтті
- Подробности
- 29
2022 жылғы 1 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Домбыра күніне арналған «Жүрек үнін естіген домбыра» тарих сағатын өткізді. Қазақтың ежелден келе жатқан, ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы домбыра туралы паш етіп,оны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада: киелі де қасиетті домбыраның құндылығы туралы, тарихымызды дәлелдейтін «Көк бөрі», «Ақсақ құлан», «Қорқыт» «Адай» т.б. күйлеріне арқау болған оқиғалардың бәрі де, біздің заманымызға осы құдіретті домбыра арқылы жетіп отырғаны айтылды. Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Жамбыл, Нұрпейіс, Нұрғисадай қара домбыраның ғұмырын жалғастырған ұлтымыздың біртуар тұлғалары жайында сыр шертілді.
Оқырмандар назарына «Қазақтың асыл қазынасы» кітап көрмесі ұсынылды.



2022 жылғы 24 маусымда «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңы өтті
- Подробности
- 29
2022 жылғы 24 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Балалар жылына арналған «KIDS BOOK FEST – 2022» Кітап фестивалі аясында Абай гүлзарында «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңын ұйымдастырды.
Адам өмірінде спорттың маңыздылығын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткізілген шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы», «Бақытың да, байлығың да – ДЕНСАУЛЫҚ» кітап көрмелерінде денсаулық пен спорт туралы, қызықты деректер топтамасы ұсынылып, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен дос болуға шақырды.
«Тэквондо» спорт түрінің қызыл-қара белбеу иегері Әлішер Бөлеков әрқашан өзіне сенімді, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек екендігін және жастарды жігерлі, қайратты болуға шақырды.
Алаңға жиналған балалар ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» ойындарын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.









2022 жылғы 21 маусым күні кітапхана қызметкерлері №26 «Үміт» балабақшасына барды
- Подробности
- 39
2022 жылғы 21 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №26 «Үміт» балабақшасына жануарлар туралы ертегі бағдарламасымен барды. Балалар «Тапқыр қойлар» ертегісін тыңдап, ертегінің басты кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. «Кейіпкерлермен сырласайық» ойынына қатысып, кітап көрмесінде ұсынылған ертегілермен, 3D панорамалы кітаптармен танысты.











.png)
