Новости
2022 жылғы 29 қарашада «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысы өтті
- Подробности
- 43
2022 жылғы 29 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысын 1 желтоқсан – бүкіләлемдік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арнап, «Нашақорлық – қасырет кілті» «Наркотики: не влезай, убьет!» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Шараға облыстық ЖИТС-ті алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Аманғалиқызы Жайлаубаева қатысып, ЖИТС ауруы, жұғу көздері және жұғу жолдары, одан сақтану, қорғана білу жолдары туралы толық ақпарат беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шарада «Позитив» салауаттылық клубының мүшелері әр түрлі блиц-сұрақтарына жауап бере отырып, өз пікірлерін ортаға салды.








2022 жылы 25 қарашада «Ән қалықтап, күй күмбірлеп, жыр төгілді төрімізде» әдеби-сазды кеш өтті
- Подробности
- 40
2022 жылы 25 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Ән қалықтап, күй күмбірлеп, жыр төгілді төрімізде» әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Оқу мәдениетін арттыру, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шараға поэзияны, көркем әдебиетті сүйетін оқырмандар, «Желкен» әдеби клубының мүшелері белсене қатысты.
Шараға қатысушылар белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, өнерлі оқырмандар домбырадан күй төгілтіп, ән салып, үлкен қызығушылықпен қатысып, рухани азық алды.
«Кітап - достық елшісі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, баршаны кітап оқудан ләззат алуға, жан сарайын кеңейтуге шақырылды.
Шараға Ақтөбе педагогикалық колледжі, Ақтөбе көлік, комуникация және жаңа технология колледжінің студенттері қатысты.






2022 жылы 25 қарашада «Ананың ақ жолымен» атты шара өтті
- Подробности
- 38
2022 жылы 25 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы тарихта есімдері қалған жерлес әйел-аналарымызға тағзым ету мақсатында қолға алынған «Ұлы дала қыздары» жобасын қорытындылап, «Ананың ақ жолымен» атты шара өткізді.
Шараға білім саласынын ардагері, өлкетанушы, Ақтөбе туристік-географиялық картасын жасақтаған Райгүл Сергалиева бастаған «Қазақ аналары - дәстүрге жол» жобасының мүшелері, Ырғыз, Мәртөк, Байғанин аудандарының белсенді ардагер аналар қатысып, қоғамдағы ананың ролі, қәзіргі қазақ қызының бейнесі туралы айтып, тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына даритындығын тілге тиек етіп, өмірден түйген ғибратты әңгімелерімен бөлісті.
Шара барысында «Ана - тіршілік, ана – өмір өзегі» атты кітап көрмесі ұсынылды. «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері тарихта қалған аналар бейнесін «Аналар – Даналар» әдеби дефилесі арқылы сомдаса, анаға деген ыстық сезімдерін «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» әдеби монтажымен, №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері жырмен, әнмен жеткізді.
Шараға №31 орта мектебінің, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің оқушылары белсене қатысты.










2022 жылғы 24 қарашада «Шежіре-ғұмыр» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 35
2022 жылғы 24 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Шежіре-ғұмыр» атты әдеби кеш өткізді.
Шара барысында бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған, халықтың өнері мен өнегесін рухани құндылығын дәріптеген Ақселеу Сейдімбектің өлшеусіз еңбегі туралы насихатталды.
Оқырмандар назарына «Ата салтын жаңғыртушы» атты кітап көрмесі ұсынылып, жазушының «Аққыз», «Арманына жеткен Алпамыс» атты шығармалары терең талқыланды.
Ақын Жүрсін Ерманның «Даладай дарханым,теңіздей тереңім» өлеңімен, ақын Несіпбек Айтұлының ақын рухына арнаған «Ағаны жоқтау» өлеңі оқылды.








2022 жылғы 21 қарашада «Дони» балабақшасының бүлдіршіндері Кітап әлеміне саяхат жасады
- Подробности
- 36
2022 жылғы 21 қарашада кітапханаға «Дони» балабақшасының бүлдіршіндері Кітап әлеміне саяхат жасады. Кішкентай оқырмандар кітапхананың ережесімен , динозавр дәуірімен танысып, жануарлардың тіршілігі туралы қызықты деректермен танысты. Кітапхана қызметкерлері «Жолбарыстың саяхаты» атты ертегісі бойынша дауыстап оқулар өткізді.











«Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз» атты ақпараттық сағат өтті
- Подробности
- 35
Бүгін Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне арналған «Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз» атты ақпараттық сағаты № 11 мектеп-гимназиясында өткізілді. Мектептің әлеуметтік педагогы Головнёва Инна Андреевна балалардың сұрақтарына жауап берді. Балалар «Өз құқығыңды біл» ойынына қатысып, тақырыптық кітап көрмесімен танысты.











.png)
