Новости
«Ата заңым – елімнің рухы» атты ақпарат сағаты өтті
- Подробности
- 40
2022 жылдың 26 тамызы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – елімнің рухы» атты ақпарат сағатын өткізді.
Өскелең ұрпақты құқықтық сауаттылыққа, Ата заңымызды құрметтеуге бағытталған шарада Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі қолданысы жөнінде жөнінде кеңінен айтылды.
«Алтын Заң аясында» кітап көрмесі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Белсенді оқырмандарымыз Ақселеу Сейдімбек, Алмас Темірбай, Сәбит Баймолдиннің тәртіп, заң туралы өлеңдерін жатқа оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.



2022 жылдың 26 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST-2022» фестивалі аясында...
- Подробности
- 39
2022 жылдың 26 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST-2022» фестивалі аясында біздің кітапхана «Біз күштіміз, ептіміз!» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге спорт туралы энциклопедиялар, қызықты кітаптар ұсынылды. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында спорттық ойындар ойнатылды. Дұрыс тамақтану мен күнделікті жаттығулардың пайдасы да кішкентай бүлдіршіндерге айтылды.





2022 жылдың 26 тамызы күні «Ата заңым – елімнің рухы» атты ақпарат сағаты өтті
- Подробности
- 33






2022 жылдың 26 тамызы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 45 жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – елімнің рухы» атты ақпарат сағатын өткізді.
Шарада біздің бүгініміздің негізі, болашағамыздың бастауы - Ата Заңымызды құрметтеп, қорғау әрбір азаматтың міндеті мен парызы екендігі жете түсіндірілді.
Оқырмандар назарына «Алтын Заң аясында» кітап көрмесі ұсынылып, адамгершілікті өз шығармаларының туы еткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен терең таныстырылды.
Конституция ұғымы, тарихы, тараулары, қабылдануы және қазіргі қолданысы жөнінде «Сен білесің бе?» атты слайд көрсетіліп, оқырмандар викториналық сұрақтарға жауап берді.
2022 жылғы 19 тамызда «Сиқырлы фото әлемі» әдеби мозаика өтті
- Подробности
- 38
2022 жылғы 19 тамызда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында 19 тамыз - Дүниежүзілік фотосуреттер күніне орай «Сиқырлы фото әлемі» әдеби мозаика өткізді.
Шарада көпшілік назарына «Фотообьективте өлкеміздің өткені мен бүгіні» кітап көрмесі ұсынылып, өлке тарихына саяхат жасалды. Жылдар белесіндегі сан қырлы өзгерістер мен талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе қаласы туралы сұрақтарға жауап беріліп, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.




2022 жылғы 19 тамызда «KIDS BOOK FEST – 2022» фестивалі аясында...
- Подробности
- 36
2022 жылғы 19 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST – 2022» фестивалі аясында біздің кітапхана «Сен білесің бе?» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге кішкентай оқырмандардың білімге деген құштарлығын арттыру және табиғи құбылыстар мен әлемде болып жатқан жайттардың сырын түсінуге көмектесетін «Білімдар», «Сен білесің бе?», «Жалықтырмайтын астрономия» және тағы басқа энциклопедиялар ұсынылды. Туған жеріміздің халқын, тілі мен дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін тануға арналған қысқа әрі нұсқа жазылған «Сен білесің бе?» атты тарихи – этнографиялық кітаптар топтамасы асыл мұраларымызды құрметтеуге баулиды.




2022 жылғы 16 тамыз күні «Жазғы библиоэстафета» жобасы аясында...
- Подробности
- 36
2022 жылғы 16 тамыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жазғы библиоэстафета» жобасы аясында «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісімен «Амаль» балабақшасына барды. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегі тыңдап, ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдауға тырысты. «Ертегілер әлемінде» кітап көрмесіне қойылған ертегі кітаптармен танысты.











.png)
