Новости

Новости

     2022 жылғы 21 маусымда "Тілашар"оқу орталығының оқушылары бізге қонаққа келді. Кішкентай балалардың назарына біздің кітап қорынан панорамалық ертегілер ұсынылды. Балалар ғарыш, Жер планетасы, дүниежүзілік мұхит туралы қызықты энциклопедиялармен танысты. Біздің жаңа оқырмандар кітапханамен дос болуға уәде берді.

1

2

3

4

5

6

     2022 жылғы 17 маусымда Абай гүлзарында "KIDS BOOK FEST-2022" фестивалі аясында және балалар жылын қолдау мақсатында біздің кітапхана Алдар Көсе туралы Қазақ ертегілері мен Льюис Кэроллдың «Алиса в стране чудес» ертегісі желісімен біздің қымбатты оқырмандарымызбен Kitapquest өткізді. Оқырмандар және қала тұрғындары үшін таңдалған тақырыптар бойынша екі инсталляция дайындалды. Ашық ауада балалар ойындарға белсенді қатысып, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. Балалар соңғы рет қандай кітапты оқығанымен бөлісіп, тапсырмаларды шешіп, Алиса туралы кітап беттерінен сұрақтарға жауап іздеді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

     2022 жылғы 17 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Ақтөбе облысының 90 жылдық мерекесіне орай «Ақтөбе... Ақ адырлы Абыз дала» атты кітап көрмесін ұсынды.       Кітапхана қызметкерлері арайлы Ақтөбе қаласының кешегі тарихи болмысы мен бүгінгі ажары туралы баяндады.
     Оқырмандар назарына өркенді өңіріміздің шежіресінен, облысымыздағы аудандар тарихынан сыр шертетін тарихи-танымдық, мәдени-әлеуметтік тұтас ақпарат беретін энциклопедиялар мен қатар жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары ұсынылды.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері Ақтөбе қаласына арналған тебіреніске толы өлеңдер оқыды.

1

2

3

4

5

6

7

     2022 жылдың 15 маусымы Абай гүлзарында біздің кітапхана «Батырлар жыры – балалар әлемінде» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Еліміздің даңқын даралаған батыр бабаларымыздың есімін ұлықтау мақсатында көрмеге «Батырлар жыры» бес томдық кітабы және Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай, Керей мен Жәнібек, Есет Көкіұлы, Батыр Науан, ер Едіге сынды алаш ерлері туралы кітаптар қойылды. Сондай-ақ, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» жүз томдық кітабының батырлар жыры топтастырылған 33- 36 томдары қала тұрғындарына ұсынылды.

     Кішкентай оқырмандарымыз Нан батыр, Алпамыс батыр, Ер төстік және тағы да басқа батырлар туралы ертегілер мен «Еркетай», «Kazakh man» сынды комикс кітаптармен танысты.

1

2

3

4

5

6

     2022 жылғы 15 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына «Magic Castle» балабақшасы қонаққа келді. Балаларға ертегілер, 3D панорамалық кітаптар, танымдық энциклопедиялар және дыбысты кітаптар таныстырылды. «Балдырған» журналындағы жұмбақтардың шешімін тауып, «Балбұлақ», «Айгөлек», «Балақан», мерзімді басылымдарға қызығушылықтарын танытты.

1

2

3

4

 

     2022 жылғы 13 маусымда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына №67 орта мектебінің жазғы лагерінің оқушылары қонаққа келді. Балалар «Кел танысайық, бұл...» сериясымен шыққан «Өнертабыстар», «Жұлдыздар және ғаламшарлар», «Теңіз» энциклопедияларымен танысып, қоршаған ғажайып әлем туралы өз білімдерін толықтырды. Балаларға арналған «Айгөлек», «Балақан», «Балалар әлемі», «Балдырған» журналдарында берілген ертегі кейіпкерлерінің суреттін бояп, сканворд, жұмбақтар шешті.

1

2

3

4

5

6

7

8