Новости

Новости

079b36fc 0d8e 4a79 970a 6fec2e482e8ba938551e 8921 4ab5 9dcd 3029d63cdba1

2026 жылдың 19 маусым күні №2 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінде «Жазғы кітаптар жорығы» атты библио-тайм өткізілді.Шара барысында кітапхана мамандары оқырмандарға кітапхананың қызметі, кітап қоры және оқырмандарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен мәлімет берді.Кітап оқуға баулып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге шақырды.Оқырмандарға сергіту сәтінде «Ертегіні тап», «Қазына аралы» ойындары ұсынылды.Сонымен қатар, оқырмандарға «Жаздың ең қызықты кітаптары» атты кітап көрмесі ұсынылып, әртүрлі жанрдағы кітаптарға шолу жасалынды.

WhatsApp Image 2026 06 16 at 14.07.13 1WhatsApp Image 2026 06 16 at 14.07.13

2026 жылдың 16 маусым күні №15 Жидек бөбекжай-бақшасының «Балапан» ересек тобының тәрбиеленушілеріне Әкелер күніне арналған «Әкем асқар тауым» атты ертеңгілік өткізілді.
Әке еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және ата-аналармен байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға балабақшаның тәрбиеленушілері Ильястың әкесі – Жусупов Нуржан, Анел мен Ақкенженің әкесі – Умаргалиев Самат, Қасымханның ағасы – Серикбай Мирас қатысып, отбасыдағы әкенің рөлі, үлгі – өнегесі туралы өз ойларымен бөлісті.Шара барысында әкелер балалармен бірге түрлі ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Олар өздерінің тапқырлығы мен мейірімділігін, шымырлығы мен төзімділігін көрсете отырып, балаға үлгі боларлық қасиеттерін паш етті.
Мереке аясында кішкентай оқырмандар үшін «Бақытты отбасы» тақырыбында кітаптарға библиографиялық шолу ұйымдастырылды.

796cd847 16f6 4240 ac26 277540ec0eefed5ce973 e94c 4906 9183 7e8106946ab2

2026 жылдың 18 мамыр күні Мақсұт Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей-интернатында ақын, сазгер, әнші, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Туған елім – гүл елім, қасиетіңді білемін” атты әдеби-патриоттық кеш өтті.

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, 200-ден астам әнінің ішіндегі шоқтығы биік туындылары — «Әлия», «Әдемі-ау», «Бозторғайым» әндерінің шығу тарихы жөнінде тағылымды мәліметтер айтылды.

Кеш барысында ақынның жары Сапаргүл Тәжібаева мен ұлы Жасұлан Тәжібаевтың естеліктерінен дайындалған бейнеқор көрсетіліп, бүгінгі таңда қазақ сахнасында орындалып жүрген ақын әндері оқырман назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде викториналық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Шара соңында «Әуенге әлдиленген ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға ақын мұрасы кеңінен таныстырылды.

WhatsApp Image 2026 05 14 at 11.25.34WhatsApp Image 2026 05 14 at 11.25.35 3

2026 жылдың 13 мамыр күні «Тәуелсіздік. Аманат. Арман» жобасы аясында «Спорт арманыма апарады» атты спортшылармен сыр-сұхбат алаңы өтті.Шараға №52 негізгі білім беретін мектептің 7-сынып оқушылары және №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінің еркін күрес жаттықтырушысы Мейрамбек Жолдыбаевич Есбергенов және шәкірттері Қыдырғали Дулат пен Өтеген Аслан қонақ ретінде қатысты.Шара барысында №4 спорт мектебі және спорт түрлері туралы айтылып, қонақтар өздерінің спортқа келу жолы мен спорт саласындағы жетістіктерімен бөлісті.Оқушылар спортқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда: «Баланы неше жастан спортқа беру керек?», «Қыз баланың спортпен айналысқаны қаншалықты дұрыс?», «Спорт пен білімді қатар алып жүруге бола ма?», «Жаттықтырушының бір күні қалай өтеді» деген секілді сауалдар қойылып, жауап берілді.Қонақтармен бірге «Спорт терминдерін білесің бе?» атты ойын ойнатылып, «Жеңіс жолындағы жігер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

0efce2c9 a47e 4377 b8a1 e8deb02d1db42fd15337 6302 4282 856d 18716cba494d

2026 жылдың 12 мамыры күні Аналар күніне орай және «100 кітап» жалпыұлттық жобасы аясында «Ана бейнесі әдебиетте» тақырыбында әдеби талдау өтті. М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушыларының қатысуымен өткен шарада   «100 кітап» жалпыұлттық жобасына енген ана, әйел тақырыбындағы шығармалар талданды. Оқырмандар «Ана бейнесі әдебиетте» атты жұмыс парағындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп «Ана — гүл, ана — өмір шуағы» атты кітап көрмесімен танысты.

 

9ed199d7 07fd 4a61 915c a263e7a3ce4081c30c83 9172 4cea 8b11 848a559e14c7

2026 жылдың 5 мамырында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ерлік жайлы шырқалады жыр-әнім» атты әдеби-тарихи кеш өткізді.

Шара барысында ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен төзімділіктің символына айналған, Отан үшін жанын қиған қаһармандар туралы тағылымды мәліметтер берілді. Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, сондай-ақ қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктері кеңінен насихатталды.

Адамзат тарихында ерекше орын алатын соғыс жылдары туралы бейнежазба көрсетіліп, «Мақалды жалғастыр», «Бір батыр», «Алғыс, лебіз», «Не түсіндік? Не білдік?» атты жұмыс парақтары ұсынылды. Оқырмандар өз ойларын жазып, әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Ерліктің ерен тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.