Новости

Новости

     2022 жылғы 18 қараша Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Кітап галактикасы шақырады» әдеби ойыны өткізілді.

     Шара қатысушылары, жас ғарышкерлер төрт топқа бөлініп, Кітап галактикасына саяхат жасады. «Меркурий», «Марс», «Сатурн», «Жер» станцияларында балалар түрлі тапсырмалар орындап,  әдеби ойындарға  қатысты. Жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

     Әрбір аялдамада балаларға танымдылық кітап көрмелері ұсынылып, ғарыш, табиғат туралы кітаптар және журналдар таныстырылды.

     Шараға №15 Жидек бөбекжай балабақшасының үлкен және мектеп алды даярлық топтарының тәрбиеленшуілері мен ата-аналар қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8

 

     2022 жылғы 11 қараша Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Kitapland Travel» квест өткізілді.

     Шараның  мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау; балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру.

«Kitapland Travel» квест шартына сәйкес құралыған үш топ 5 негізгі кедергілерден өтті.

«Табалдырық» кедергісінен бастаған балалар ақын-жазушылардың шығармаларын жинақтап, әдебиет саласы бойынша білімдерін сынады.

«Әудем жерде» оқырмандар  берілген шарлардың ішінде жасырылған сиқырлы даталар бойынша Тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасады.

«Қозы көшке» келіп, жас партиоттар еліміздің көрікті жерлері бейнеленген пазлдар құрастырды.

«Бел асарда» Ақтөбе қаласының ескерткіштеріне танымдық саяхат жасаса, «Жолайрықта» балалар сөзжұмбақ шешті.

     Квест балалардың қарым-қатынасының дамуына ықпал ететін көптеген жағымды және қуанышты эмоциялар туғызып, есте сақтау, назар аудару, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді.

«ZEREK BALA» әдеби баттлында Бексұлтанов Ернұр жеңімпаз атанды.

Шараға Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8

     2022 жылғы  11 қараша  күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің  кітапханасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қажығали Мұқамбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Батырлар рухымен сырласқан қаламгер» ауызша журналын өткізді.

     Ауызша журналдың «Қаламы қарымды қаламгер», «Тар кезең» - тәуелсіздік сиясымен жазылған рухани қазына», «Туған жер мақтанышы» атты үш бөлімі арқылы қаламгердің  әдебиеттегі алатын­ орны, өмірлік көзқарасы, адами қасиеттері, шығармашылығы, соның ішінде  санамызға рух­  боп сіңірген шығармасы «Тар кезең» романы жайында терең әң­гіме қозғалып, қазақ тарихындағы қилы кезеңде жат­қа тізгін бермеген Сырым Датұлы сынды айтулы тұлғаның қайтпас қайсар рухтағы ерлігі жас ұрпаққа үлгі етіліп, олардың ел егемендігінің түп-төркінін түсінуіне, тағылымын, тұлғаның саясаткерлігі насихатталды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

     2022 жылғы 3 қараша күні  кітапханамызға  № 11 орта мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары келді. Кітапхана қорындағы шытырман оқиғаларға толы теңізшілердің ашқан жаңалықтары және балаларға сан қилы, сыры жұмбақ әлемдер туралы кітаптар ұсынылды.

     Сонымен қатар, бүгін 3 қараша -  ақын, драматург және аудармашы Самуил Яковлевич Маршактың туғанына 135 жыл. Осы мерекеге орай «Қайырымды сиқыршы және дос Самуил Яковлевич Маршак» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әдеби кеште С.М.Маршак балалар «Қордағы балалар» ертегісі бойынша театрландырылған көрініс көрсетіп, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жазушының ертегілерінен сюжеттік ойын ойнап, жұмбақтар шешті.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолданбалы-сәндік өнер шебері, зергер, Болат Төлеубайұлы Атыраубаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік  тұлғалар» атты кездесу кешін өткізді.

     Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен  тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі  жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп,  адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны  туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     2022 жылғы 26 қазанда біздің кітапханаға «Кел, балалар» балабақшасының кішкентай ізденімпаз бүлдіршіндері келіп ертегілер оқып, жұмбақтар шешті. «Балдәурен», «Айгөлек», «Балдырған» журналдарындағы қызықты тапсырмаларды орындады.  Кішкентай оқырмандарымыздың назарына жаңа ертегілер, панорамалық  3D кітаптар  ұсынылды.

1

 

3

4

5

6

7

8