Новости

Новости

     2022 жылғы 20 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 65 жалпы білім беретін орта мектепте жазушы,Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Сезімнің  қылын шерткен қаламымен» атты әдеби  кеш өткізді.

     Шара барысында өнегелі өмірінің соңғы күндеріне дейін қаламымен сыр шерткен, көрнекті жазушының өмірі туралы мәлімет беріліп, қызықты естеліктер мен жас ұрпақты әдепті болуға баулитын аталы сөздері  айтылды. Халықтың ыстық ықыласына бөленген «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат жыры», «Өмір өрнектері» т.б. көркем шығармалары таныстырылды. Белсенді оқырмандар жазушымен жары Халима арасындағы сезім мен сыйластыққа толы диалог өлеңді, енді бірі «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасындағы Меңтайдың хаты мен Ерболдың сөзін оқыды.

     Оқырмандар назарына «Ғибратты ғұмыр иесі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

     2022 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне орай  Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» танымдық әдеби кеш ұйымдастырды.

     Шара барысында  замана сырын жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдері оқылып, халық күйлері «Салкүрең» мен «Айжан қыз» орындалды. Тұтас ұлттың мәдениеті мен дәстүрін танытып жүрген қазақ күйімен қатар, Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Оқырмандар назарына «Жасай бер, жаса Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұсынылып, киелі Отанымыздың тарихи даму жылдарына библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     2022 жылғы 18 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Рухани келісім күніне арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» кездесу кешін өткізді.

     Тұрақтылықтың іргетасы - Рухани келісім күні орай өткізілген шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжайнар Серғазықызы Алашбаева мен орынбасары Рәмзия Шаухатқызы Есенбаева қатысып, ұлттық құндылық, татулықты ту еткен бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық қатынас екендігін, Көк тудың астында көп ұлттың өмір сүруі қазақ даласының кеңдігін, қазақ елінің дархан пейілді қонақжай халық екендігін айқындап тұрғанын айтып, жақсы қарым-қатынаста болуға шақырды.

     Оқырмандар назарына «Достықтың дархан ұясы» кітап көрмесі ұсынылды.

     Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғарғы класс оқушылары мен Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттері белсене қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8

 

     2022 жылғы  17қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының  қатысуымен экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» шарасын  өткізді.

     Оқушылар табиғат әлеміне саяхат жасап, мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешімін тапты. Қадыр Мырза Әлидің  «Күздің ұзақ жауыны»,  Ұлықбек Естаулеттің  «Табиғат пен ақын» өлеңдерін  оқыды. «Жеріңді аяла, адамзат!» атты көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

     2022 жылы  30 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Ұлы дала қыздары» жобасы аясында, ел тарихында айрықша із қалдырған, әрі ана, әрі дана болған ұлы аналарымызды насихаттау мақсатында  № 31 орта мектебінде «Атқа қонған арулар» атты тарих сағатын өткізді.

     Шара барысында  сан ғасырлық жылдар өтсе де, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, қилы кезеңдерде ерен ерліктерімен тарих төрінен орын алған Әбілқайыр ханның   ақылды жары – Бопай, Тархан тама Есет Көкіұлының батыр қызы Ботакөз, әулие Есет Көтібарұлының ақындығымен көзге түскен  келіні Таразы туралы айтылды.

     Шараға «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері белсене қатысты.

     Оқырмандар назарына «Мәңгілік  өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.

1

2

3

4

5

6

     2022 жылғы 29 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Халықаралық қарттар күні қарсаңында  үлкенге  деген   құрмет көрсетіп, еңбек ардагерлерінің жүрген жолын өнеге, үлгі ете отырып, жас жеткіншектерді үлкенді қадірлей білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты шара ұйымдастырды.

     Құрмет пен мейірім мерекесіне өз бақытын еңбегімен тапқан еңбек ардагері, мәдениеттанушы Жақсылық Сұлтанұлы және кітапхананың құрметті ардагерлері Нәзира Ідірісқызы Ғизатова, Раиса Төленқызы Қомпақова, Айнагүл Жәкешқызы Қимағамбетова, Жансұлу Сұлтанқызы Сұлтанова, Гүлайым Қойбағарқызы Оразмағамбетова және кітапхана саласының ұлағатты ұстазы Айжан Мұсағалиқызы Сарбаева қатысты. Кітапхананың өнерлі оқырмандары мерекелік-сазды бағдарламасын ұсынды.

1

2

3

4

5

6