Новости
2023 жылғы 6 сәуір күні «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кеші өтті
- Подробности
- 45
2023 жылғы 6 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында дәрігер Аққағаз Досжанованың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кешін өткізді.
Портрет-кешіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті, қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бекзат Аққонысұлы Молдин және М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық, Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттерімен, №67 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында Бекзат Аққонысұлы Қазақтың алғашқы дәрігер қыздарының бірі, бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлеріне медициналық көмек көрсеткен, Алаш партиясының мүшесі ретінде ұлттық мүддеге қызмет еткен Аққағаз Досжанова жайында өзінің тың ақпараттарымен бөлісіп, дәрігер өмірінен сұрақтар қойылып, бейнефильм көрсетілді.
Оқырмандар назарына «Нәзіктікпен қайсарлық ұштасқан жан» атты кітап көрмесі жасақталып, мерзімді басылым беттерінде жарияланған Аққағаз Досжанова туралы деректер мен фото суреттер ұсынылып, рухына тағзым етілді.










2023 жылғы 2 сәуір күні балаларға арналған кітап күніне пиар-экскурсия жасалды
- Подробности
- 46
2 сәуір – балаларға арналған кітап күніне орай Мәртөк ауданы, Сарыжар орта мектебінің 5-класс оқушылары кітапханамызға пиар-экскурсия жасады.







«К нам Лев Толстой приходит в раннем детстве» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 32
Бүгін біздің кітапханада Балалар кітабының апталығы мен «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында жазушы Лев Толстойдың туғанына 195 жыл толуына орай «К нам Лев Толстой приходит в раннем детстве» атты әдеби кеш өтті.
Шараға №11 орта мектеп-гимназиясының 4-класс оқушылары қатысты. Оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Балалар жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолымен танысып, «Филиппок», «Акула» әңгімелерін талдады.








2023 жылғы 16 наурыз күні «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!» денсаулық сағаты
- Подробности
- 41
2023 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Мұқағали Мақатаев атындағы № 73 жалпы білім беретін орта мектептің 1–класс оқушыларының қатысуымен «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. Оқырмандарға «Біз күштіміз, ептіміз!» кітап көрмесі ұсынылып, «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білуді, дұрыс тамақтану, дене гигиенасы туралы мәліметтер берілді. Балалар сергіту сәтінде мақал-мәтелдер айтуда жарысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қатысты. Өнерлі оқырмандар «Дәрігер мен бала» тақырыбында көрінісін көрсетті.




2023 жылғы 9 наурыз күні «Ұлттық киім - ұлт мінезі» этносағат өтті
- Подробности
- 42
2023 жылғы 9 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапханада» аясында Наурыз мерекесіне бағытталған «Ұлттық киім - ұлт мінезі» этносағатын өткізді.
Дана Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» дегеніндей, шарада ұлттық киім – Ұлы даланың қастерлі қазынасы, мызғымас мәдени мұрасы, болмысы бөлек, бітімі ерек қазақ халқының ерекшелігі мен өшпес өнегесі екендігі айтылды.
№31 орта мектебінің «Шолпы» клубының мүшелері мен жетекшісі Орнай Бижанқызы Ірдісова шаштың сәні – шолпының қаситі, тағу жолдары туралы әңгімелеп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдеріміз ұлықталды.








2023 жылғы 24 ақпан күні «Өнер сүйген өмір» АRT-кеші
- Подробности
- 39
2023 жылғы 24 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №1 балалар музыка мектебімен біріге отырып, музыка мектебінің салтанат залында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, компазитор Қ.Қожанбаевтың 85 жасқа толуына орай «Өнер сүйген өмір» АRT-кешін өткізді.
Шарада композитордың өмір жолы, өнері, атқарған қызметі, Ақтөбе шаһары мәдениетінің көтерілуіне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндалды. Шараға Қ.Қожанбаевтың шәкірттері А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Аманжол Дүйсенұлы Исмағұлов, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қазанғаптанушы Жайлау Жаншаұлы Асылханов қатысып, композитордың музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және ұстаздық қасиеті туралы әңгімелесе, Қайырғали Қожанбаев өзінің ұстазы Ахмет Жұбанов туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары өнер майталманымен еркін сұхбаттасып, құрмет көрсетті.
Кеш шымылдығын №1 балалар музыка мектебінің оқушылары «Көңілашар» фольклорлық ансамблі «Арнау» күйімен ашып, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күләш Бәйсейітова атындағы төсбелгі иегері, Ғ.Жұбанова атындағы филармония әншісі, № 1 Балалар музыка мектебінің академиялық вокал класы оқытушысы Манзура Сейілхановна Сапарова әнмен тербеп, жас домбырашылар күйлерін күмбірлетті.
Ақтөбе өңірінің өнері және өнер қайраткерлері туралы сыр төгетін «Өнерлі өлкенің оты өшпейді» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.













.png)
