Новости
2023 жылғы 26 сәуір күні «Туған жерді асқақ тұтқан қаламгер» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 37
2023 жылғы 26 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №67 орта мектептің кітапханасында жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жылдығына арналған «Туған жерді асқақ тұтқан қаламгер» әдеби кеш өткізді.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы сыр төгетін «Кісіліктің биік шыңы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Оқырмандар жазушының өзінің балалық шағы, туған жері туралы шығармасы «Жер басып жүрсем…», «Көл жағасында» туралы, «Қарт сарбаз хикаясының» тағдыры, оның кейіпкерлері туралы пікірлерін айтып, жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды.







21-сәуір күні «Кітап – ғажап, сырлы әлем!» атты әдеби-ойын өтті
- Подробности
- 40
Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай облыстық балалар кітапханасы түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биылғы кітап мерекесі «КІТАП шоу» фестивалі аясында 21-сәуір күні «Кітап – ғажап, сырлы әлем!» атты әдеби-ойынмен басталды. Кітапхана аванзалында «Кішкентайлар мен ақылдыларға» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер, 3D және QR код арқылы оқуға ұсынылатын кітаптар қойылды.
Балалардың кітапқа, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген шараға №15 «Жидек» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері қатысты. Оқырмандарымызға сурет арқылы ертегі кейіпкерлерін анықтау, қызықты жұмбақтар шешу сынды ойындар ұсынылды. Атаулы кітап күнінде кітапхананың кішкентай оқырмандары «Анасын іздеген қонжық» ертегісін тарту етті.










2023 жылғы 20 сәуір күні «Жырымен жұртын оятқан» жыр-пати өтті
- Подробности
- 35
2023 жылғы 20 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға, педагог, ағартушы, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Жырымен жұртын оятқан» жыр-пати өткізді.
Шараға қатысқан №39 орта мектебінің 7 сынып оқушыларына М.Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы тереңнен сыр шертіліп, шығармаларына шолу жасалды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шығармалары бойынша тапсырмалар орындады. Қанат Рамазанның сценарийі бойынша түсірілген «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи фильмнен үзінді көрсетіліп, ақынның жастарды биік рухқа үндейтін «Мен жастарға сенемін» әнімен шара қортындыланды.










2023 жылғы 13 сәуір күні «Бағдаршам әмірі» атты әдеби-ойын өтті
- Подробности
- 39
2023 жылғы 13 сәуір күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «КітапҰstar» жобасы аясында «Бағдаршам әмірі» атты әдеби-ойын өткізілді. Шараның басты мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігін нығайту, жол ережелерімен таныстыру.
Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны Сундетбаева Айнур Амантурлиевна жол ережелері және бағдаршам жайында мәлімет беріп, балалардың сұрақтараға жауап берді.
«Зерде» жеке мектебінің 1-класс оқушылары «Бағдаршам сенімді серігің» кітап көрмесімен танысып, «Бағдаршам» мультфильмін көрді. Тақырып бойынша өлеңдер оқып, «Бағдаршам» әнін орындады. Сергіту сәтінде балалар жұмбақтар шешіп, тақырыптық пазлдар құрастырды.










12 сәуір күні «Мен ғарышкер боламын!» атты ғарышқа саяхат сағаты өтті
- Подробности
- 44
12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнге орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №42 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларымен «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында ғарыш әлеміне саяхат жасады. Саяхатымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған.
«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.









«Умники и умницы» клубының кезекті бас қосуы өтті
- Подробности
- 37
Бүгін кітапханада «Умники и умницы» клубының кезекті бас қосуы өтті. Клуб мүшелері Денсаулық марафонына қатысып, денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерін талқылады.
Балалар тақырыптық кітап көрмесімен танысып, салауатты өмір салтын ұстау, көру қабілетін жақсарту, дұрыс тамақтану, тағы басқа сұрақтар бойынша пайдалы кеңестер алды.
Көңілді сергіту сәтінде әр бала өзінің сүйікті дене жаттығуларын көрсетті. Топтық ойынында зиянды өнімдер мен пайдалы өнімдерді ажыратып, адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер реттілігі туралы сюжет қойылды.










.png)
