Новости
Жеңіс күні қарсаңында «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты ерлік сағаты өтті
- Подробности
- 43
Жеңіс күні қарсаңында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №42 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларымен «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбында ерлік сағатын өткізді.
Шарада жанымен, қанымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, бейбіт өмірін сыйлаған Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б. туралы ақпарат беріліп, тағзым етілді. Балалар Қасымхан Бегмановтың «Намысынан халқының жаратылған», Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс жыры», Ж.Өмірбековтің «Қаһарман» өлеңдері оқылып, «Жеңіс туы, желбіре!» әнін орындады. «Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!» кітап көрмесі ұсынылды.










2023 жылғы 4 мамырында Ақтөбе облысы грек-рим, еркін күрес Федерациясының Вице-Президенті және әлем чемпионымен сыр-сұхбат өтті
- Подробности
- 43
2023 жылғы 4 мамырында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында Ақтөбе облысы грек-рим, еркін күрес Федерациясының Вице-Президенті Алмас Жұмағалиев және әлем чемпионы Хамза Алмасұлы Төреханмен «Өрісті өнеге» атты сыр-сұхбат өткізді.
Шараға «Айсын» балалар радиосының шәкірттері мен жас спортшылар, «Атамекен» өлкетану клубының мүшелері белсене қатысты.
Шара қонағы Алмас Төреханұлы жас ұрпақтың рухани байлығын көтеру, адамның тұлға болып қалыптасуында кітаптың маңызы үлкен екендігін, сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну ой-санаңды өсіріп, жақсыға үйретіп, жаманнан жирендіретінін тілге тиек етті. Өзінің және ұлы Хамзаның спортқа келуі мен жетістіктерін айта отырып, адам өмірінде спорттың маңыздылығын да айтып балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Өз кезегінде Хамза спорт арқылы күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамытудың үлгісін көрсетті.
«Спорт- салауатты өмір бастауы» кітап көрмесі ұсынылды.







2023 жылғы 3 мамыр күні «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 47
Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл. 2023 жылдың 3 мамырында Отан қорғаушылар күні қарсаңында Н.Байғанин облыстық балалар кітапханасы №2 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» әскери-патриоттық сағатын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің орындалуымен ашылды. Кітапханашылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ақпарат берді. Болашақ ел қорғайтын батырларымыз арнау өлеңдерің оқып, домбырамен «Сал күрең» күйін тартып, Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» жырынан шашу шашты. Шара соңында Рауан Бейсенұлының «Ән сал, сарбаз» әні шырқалды.
Сонымен қатар кітапханадағы тарихи, әскери әдебиеттерге кеңінен шолу жасалып, «Ер – елінің айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында ел тарихындағы баға жетпес із қалдырған ержүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан тани алатын А.Тасболатовтың «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми танымдық энциклопедиясы және Қайлолла Ахметжанның «Ер қаруы бес қару» сынды кітаптарына және Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының қаһармандық мінезі мен жайнаған жастық шағы, соғыс жылдарындағы өмірі қамтылған «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотосуреттер мен деректер қамтылған кітаптарына шолу жасалды.






Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында библиомикс өтті
- Подробности
- 41
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кітапханамыз №11 орта мектеп-гимназиясының Достық алаңында библиомикс өткізді. 3-сынып оқушыларының назарына «Дружба народов - счастливые дети» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Шарада балалар достық тақырыбында өлең оқып, мақал-мәтел айтудан жарысып, әдеби викториналық сұрақтарға жауап берді.










2023 жылғы 28 сәуір күні «Денсаулық формуласы» денсаулық жәрмеңкесі өтті
- Подробности
- 40
2023 жылғы 28 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №22 орта мектебінде «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында «Денсаулық формуласы» денсаулық жәрмеңкесін өткізді. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы» кітап көрмесінде әр түрлі спорттық ойын түрлерімен тәсілдерін меңгеруге үйрететін кітаптар тобы таныстырылып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етуге шақырылды.
Клуб мүшелері ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» және эстафеталық ойындар ойнап өзара жарысқа түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.










2023 жылғы 27 сәуір күні «Табиғаттың таңғажайып сырлары» атты эко-сабақ өтті
- Подробности
- 39
2023 жылғы 27 сәуір «Кітап Ұstar» жобасы аясында «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері бас қосып, «Табиғаттың таңғажайып сырлары» тақырыбында эко-сабағы өткізілді.
«Зерде» жеке мектебінің 3-класс оқушылары балаларға анралған танымдық энциклопедияларынан ерекше табиғи құбылыстар туралы ақпарат алып, сөзжұмбақтар шешті. Жас экологтар «Жеріңді аяла, адамзат!» кітап көрмесімен танысты.














.png)
