Новости

Новости

      2022 жылғы 2 маусым күні  кітапхана қызметкерлері   №15 «Жидек» бала бақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Туды ұстайды рухы биік ел ғана» патриоттық сағатын өткізді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен авторларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Маралтай Райымбекұлы, Алмас Ахметбекұлы, Сұлтан Қалиевтің т.б. ақындардың рәміздер туралы жазған өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

      Оқырмандар назарына «Рәміздер –елімнің мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

1

2

3

4

5

6

     1 маусым күні С.Жиенбаев атындағы креативті орталығының алаңында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық, қала кітапханалары  өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау  мақсатында «КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2023» шарасы ұйымдастырылды.  

     Кітап фестивалі аясында балалар кітапханасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, Мәдениет саласының үздігі Гүлсамал Аймаханованың шығармашылығына арналған   «Ақ парақ пен қаламды Тұмарындай аялап...» жыр-думан өткізілді.

     Гүлсамал Төрединқызы халық игілігіне жасап жатқан жұмыстары, шығармашылығындағы жаңалықтары және алдағы жоспарларымен бөлісті және жыр сүйер жастарға ең бірінші ана тілін сүю қажет екенін, көп білім ғана адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңес берді.

     Шара «Мен өнерпаз баламын, жарқыраймын жанамын» әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасты. Кітапхана оқырмандары М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Қорқыт атындағы өнер мектебінің оқушылары жергілікті ақын-жазушыларының жырларын оқып, қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

     Кітапхананың жас оқырмандары, бастауыш сынып оқушылары «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» әдеби косплейі өтті.

     Оқырмандар назарына «Құрақтай балғын, бұлақтай мөлдір...» және «Ғажайып әлемі» алаңдарында балаларға арналған түрлі форматта кітаптар ұсынылып, әдеби ойындар ұйымдастырылды.

№60 Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары «Ертегі сыр шертеді» тақырыбында флеш-моб ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

       28 мамыр — Ақтөбе қаласының күні. Осы ретте оқырмандар арасында Ақтөбенің кешегі және бүгінгі келбеті турасында 2023 жылғы 25 мамыр күні  «Менің нұрлы, Менің сырлы Ақтөбем!» өлкетану сағаты өтті.

      «Ақтөбе – алтын бесігім» көрмесі жасақталды. Оқырмандар Ақтөбеден шыққан батырлар есімімен, ақын-жазушылар шығармаларымен, «Ақтөбе құтты мекен» энциклопедиялық анықтамасы, Қазақ халқының қаһармандық жыры «Қобыланды»,  Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэмаларымен танысты. 

1

2

3

4

     2023 жылғы 25 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «КітапҰstar» жобасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы Ө.Қанахиннің «Көл жағасында» кітабы бойынша storytelling өткізілді. Шараға № 42 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары қатысып, оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті. Оқырмандар екі топқа бөлініп, «Әңгімеден алған үзіндіні аяқтау», «Шатасқан сөздер», «Әңгіме құрастыр», «Сұрақтар ілмегі», «Аяқталмаған сөйлем» тапсырмаларын орындады.

     Оқырмандарға «Көрнекті қаламгер – Өтебай Қанахин» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

 

         2023 жылғы 18 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл   толуына орай «Азаттық жолындағы жарқын тұлға» атты тарих сағатын өткізді. Өскелең ұрпақ санасында Темірбек Жүргеновтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлтын ардақтаған көрнекті тұлғаның отызыншы жылдар ойранындағы көрген қиындықтары мен жазықсыз жалаға ұшырағаны жөнінде, ел мүддесі үшін атқарған ерең еңбегі ел тарихында мәңгілік сақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны туралы кеңінен әңгімеледі.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақындар Жақсыбай Сарбалаевтың «Қайта оралды ол бүгін», Сақтаған Есмахановтың «Асыл аға», Мәлік Аяповтың «Жүргеновтің соңғы сөзі» өлеңдерін оқыды. Оқырмандар назарына «Ұлтын ардақтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 1

2

3

4

5

6

7

 

     2023 жылдың 11 мамырында «Кітап Ұstar» және «Атадан қалған ғибрат» жобалары аясында «Жаңылмай жаңылтпашты жатқа айтайық» сайысы өтті. Оқырмандардың ой дәлдігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру және жаңылтпаштарды мүдірмей, жылдам оқу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс ІV кезеңнен тұрды.

I – кезең. «Топ атауын табайық». Қатысушылар шашылған пазлыларды құрастыру арқылы топтың атауын тапты

II – кезең. «Жаңылтпаш айт, жаңылма». Бұл кезеңде қатысушылар жаңылтпаш айтып жарысқа түсті.

III – кезең. «Ара ұясы». Сайысқа түсушілер ара ұясында жасырынған жұмбақтарды шешу арқылы қоржындарын балға толтырды

IV – кезең. «Ойна да ойла» . Қатысушылар «жаңылтпаштар» сөзінен 1 минут ішінде бірнеше сөздер құрастыру арқылы жеңіс жолына бір табан жақындады.

     Сайысқа қатысқан №31 қазақ орта мектебінің балалары өздерінің білімге құштарлығын және озық ойлы екендіктерін көрсетті. Шара соңында балалар Мұзафар Әлімбаев, Бейсебай Кірісбаев, Қастек Баянбай сынды қаламгерлердің жаңылтпаш-өлеңдерімен танысып, кітапханаға саяхат жасады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9