Новости

Новости

     Бүгін №15 «Жидек» бөбекжай балабақшасында Астана күні аталып өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру мақсатында «Астана – аласармас асқақ рух» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді.

     Кішкентай оқырмандарымызға «Еліміздің жүрегі-Астана» атты кітап көрмесі таныстырылды. Одан бөлек, балалар, Астананың көрікті жерлерінің суреттері жасырылған таблоларды ашып, жауабын тауып, сол жер туралы әңгімелеп берді. Астана күніне орай, балабақша тәрбиеленушілері Күләш Ахметованың «Құтты Орда», Қалқаман Сариннің «Астана», Мағиза Құнапияқызының «Астанам», Сәуле Досжанның «Астана суреттері» өлеңдерін тарту етті.

1

2

3

4

5

6

7

     2023 жылғы 29 маусымда «Ымырттағы кітапхана» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында кітапхана қызметкерлері С.Жиенбаев атындағы креативті орталықта «Ұлы дала прозасы» номинациясы жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әлихан Жақсылықпен «Жұлдыздай жарқырайтын жаңа есім» атты әдеби кешін өткізді.

     Шараға ақынның достары Ернар Қойшыбаев, Ислам Бақтыбай және кітапхана оқырмандары мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Шара барысында ақынның «Кие», «Арпалыс» атты өлеңдері оқылды. Сонымен қатар оқырмандар назарына жазушы шығармашылығына қатысты презентация ұсынылып, Әлихан Жақсылық сценарийін жазған «Ырысты ыдыстар», «Қаһарман» мультсериалдары мен балаларға арналған «Үкілі әуен» телесериалынан үзінділер көрсетілді. Оқырмандар өздерінің сұрақтарын қою арқылы қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен толық, жан-жақты танысты. «Жан азасы», «Алты құрлық», «Тамұқтағы жалғыздық» әңгімелері туралы ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

1

2

3

4

5

6

7

8

     2023 жылғы 22 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Let’s play and read» жобасы аясында ұйымдастырған «Балақайға еркелі, Айтайық қызық ертегі» оқу сағатында №15 «Жидек» балабақшасының бүлдіршіндеріне «Өсімдіктер мен кемпірқосақ» ертегісін дауыстап оқып, әдеби ойындар ойнатты. Шара соңында «Ертегі әлемінде» атты кітап көрмесі таныстырылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

     Бүгін кітапханада 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. Шараға №22 мектептің «Балдаурен мектеп жанындағы алаң» тобының балалары қатысты. Балалар «Біз күштіміз, ептіміз!» кітап көрмесімен танысып, салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына жауапсыз қараудың салдары қандай болатыны жайлы ақпарат алды.

1

2

3

4

5

6

     8 маусым күні «Кітап Ұstar» жобасы аясында Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бала бақшасының бүлдіршіндерімен «Біз табиғаттың достарымыз» жас экологтар шеруін өткізді. Балалар «Табиғат», «Табиғат құбылыстары» туралы қызықты мәліметтер алып, «Эко-жұмбақтар» бойынша жұмбақтар жасырылды, танымдылық викторина сұрақтарына жауап берді.

     Оқырмандарға «Жеріңді аяла, адамзат!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

     2023 жылғы 8 маусым күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Сен әлі оқымадың ба, бұл бізде бар..»    жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.

1

 

 

 

2

3

4

5

6

7

8

     2023 жылғы 8 маусым күні  Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Сен әлі оқымадың ба, бұл бізде бар..» жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.