Новости
2023 жылғы 9 тамыз күні «Айналайын абайла, жан-жағына қарайла!» атты шара өтті
- Подробности
- 51
2023 жылғы 9 тамыз күні кітапхана қызметкерлері «Зерде» балабақшасында «Lets play and read» жобасы аясында «Айналайын абайла, жан-жағына қарайла!» атты шара өткізді. Мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігін нығайту, жол ережелерімен таныстыру.
Шарада бүлдіршіндер «Бағдаршам сенімді серігің» кітап көрмесімен танысып, сергіту сәтінде жұмбақтар шешіп, тақырыптық пазлдар құрастырды.





2023 жылғы 8 тамыз күні - Халықаралық жастар күніне орай...
- Подробности
- 39
2023 жылғы 8 тамыз күні - Халықаралық жастар күніне орай белсенді жас кітапхана қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хат табысталды.
Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері.





2023 жылғы 7 тамыз күні «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясында шара өтті
- Подробности
- 46
2023 жылғы 7 тамыз күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырылды. Шарада балаларға жаңа әдебиеттер таныстырылып, кітап оқу насихатталды. Балалардың қызығушылықтары оянып, кітапханаға жазылу ережесімен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.







2023 жылғы 3 тамыз күні «Абай даңғылы – тот баспайтын ұлылық» атты тренинг өтті
- Подробности
- 44
2023 жылғы 3 тамыз күні «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абай даңғылы – тот баспайтын ұлылық» атты тренинг өтті. Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Жұмағалиева Рита Рахманқызы қатысып, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі және «Толық адам» концепциясы туралы және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласына жалпы шолу жасап, кеңінен мәлімет берді.
Шара Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажбен жалғасын тауып, кітапхана оқырмандары Дулатов Омар, Дулатов Әли, Дулатов Әбубәкір Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жатқа оқыды.
Шара соңында «Абай тағылымы – мәңгілік азық» атты кітап көрмесі таныстырылды.





2023 жылғы 11 шілде күні «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» атты шара ұйымдастырылды
- Подробности
- 45
2023 жылғы 11 шілде күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырылды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен әдеби викториналық сұрақтар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Кел, кітап оқиық!» жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.







2023 жыл 11 шілде күні «Демаламыз, ойнаймыз. Қызықтарға тоймаймыз» атты ақыл-ойды...
- Подробности
- 46
2023 жыл 11 шілде күні балалар кітапханасы «Let’s play and read» жобасы аясында «Демаламыз, ойнаймыз. Қызықтарға тоймаймыз» ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар тақырыбында «Зерде» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерімен қызықты уақыт өткізді. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген кезекті шара «Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап», «Кім тапқыр?», «Ненің баласы?», «Суреттің жалғасын тап», «Қандай жеміс?», «Сыңарын тап» сынды ойындардан тұрды. Зерек те ақылды балалармен бірге «Кел, билейік, балақай» сергіту сәті де ұйымдастырылды.
Ойын соңында кішкентай оқырмандарымызға «Кел, бірге ойнайық» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Балалар ой-өрісін дамытуға арналған танымдық кітаптармен танысып қана қоймай, «Жоғалған доп» ертегісін тыңдады.










.png)
