Новости

Новости

         2023 жылғы 2 қазан күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Халықаралық қарттар күніне орай «Құрмет пен ізет құшағында»  әдеби-музыкалық кеш өткізді. Шарада  мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне, кітапхан ардагерлеріне алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.

Кітапхананың белсенді өнерлі оқырмандары «Қарттарын құрметтеген ел ардақты» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынып,   ән шырқап, көтеріңкі көңіл силады. М.Құсайынов атындағы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының «Дара» театр үйірмесінің мүшелері Т.Ахтановтың «Әке мен бала» пьесасынан сахналық қойылым көрсетті.

Өз кезегінде ардагерлер ізгі лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

ff50cc8a cb1c 4451 888d 19bcb6c44e982536cc49 8caa 4f2c af6f 83821b36b9cc

2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қарымды қаламгер, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Әке сағынышы» тақырыбында сюжеттік талдау сағатын өткізді.

№42 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен өткен шарада жазушының әдеби мұрасы таныстырылып, шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Әке» повесі кеңінен талқыланды. Оқырмандар Төлен Әбдіктің «Әке» повесінен ойға не түйгендерін, шығарма несімен қызықтырғанын ортаға салып, пікір алмасты.

Шара соңында оқырмандар Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы адам»  кітап көрмесінен «Көкжиек» , «Әке» , «Оң қол», «Парасат майданы», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Истина» атты  әңгімелер мен повестер жинақтарымен танысты.

c9b989bf 9906 4cd0 b74d cfe37ae62033

2023 жылы 21 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  №52 негізгі мектептің 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен  «Сөз асылы – мақал» тақырыбында quiz ұйымдастырылды. Шара өткізілді.

Төрт кезеңден құрылған зияткерлік ойынында балалар  2 топқа бөлініп, білімдерін шыңдады: мақал-мәтелдің жалғасын тауып, сөзжұмбақтар шешті, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Қазақша quiz балалар арасында ең танымал ойындардың бірі болғандықтан, бүгінгі ойын сәтті, әрі ұтымды болды.

298c361b ecd3 4028 b4c3 26d11861e224e0a03bc7 6785 4a29 8cfd 574e6fe27fb9

2023 жылғы 21 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Пара берсең жазаланасың» атты бүктемелер таратылды.

40fea7c2 4a38 4b19 a4e6 f093427d1e7f

2023 жылдың 20 қыркүйек күні  М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру мақсатында «Kitap time» шарасы өткізілді. Шара барысында «Жаңа кітап, жаңа сыр» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

d6ff45b8 6557 4944 90e7 c5be4aca82a1

2023 жылғы  15 қыркүйек күні  Н.Байғанин атындағы облыстық  балалар кітапханасы “Kitap Time-2023”  II жалпы республикалық  кітап фестивалі аясында «Кітап оқы да, трендте бол!»  атты әдеби-сазды алаңын өткізді. Оқырманның рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу, кітап оқуға деген белсенділігін шыңдау мақсатында өткізілген шараға №45, №62 орта мектеп оқушылары, мұғалімдері және  мектеп кітапханашылары қатысты. Шара барысында оқырмандар «Кітап емханасы» атты сахналық көрініс көрсетіп, жырдан шашу шашты. Оқырмандар назарына  «Кітап -ғажайып, тұнық әлем» атты кітап көрмесі ұсынылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. Кітапқа қатысты қызықты деректер айтылып,  «Жылдам оқу» бенефисі өткізілді.

3cbc375a 641f 48b0 860d 97a0a328a1246b4a042e 3716 49c5 9a01 3d1da2355321