Новости
«Туралықтың туын көтерген»
- Подробности
- 38
2023 жылғы 13 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жазушы К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Туралықтың туын көтерген» оқырман конференциясын өткізді.
Шарада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дара өкілі Кемел Тоқаевтың руханият үшін жасаған қызметінен, ғибратты ғұмырынан сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылып, жазушының ғибратты өмірінен мәлімет берді.
Әділдікке, ақиқатқа құштар адал жанның өз өмірлік ұстанымымен астасып жатқан өр рухтан қайнап шыққан шымыр да ширақ туындылары туралы терең сөз қозғалып, қаламгер рухына арналған өлеңдер оқылды.


«...Өрмелеп шығып күн болған»
- Подробности
- 40
2023 жылғы 12 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында ақын, ағартушы С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «...Өрмелеп шығып күн болған» жыр кешін өткізді.
Шараға №52 негізгі мектеп және Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының жоғарғы класс оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Шарада болашаққа ұмтылған, қазақтың еркіндігі туралы арманға толы, елге, жерге деген ұлы сезімнен тұратын С.Торайғыровтың әдеби мұрасы туралы айтылып, жалынды күрескер рухтағы өлеңдері жатқа оқылды.


Құттықтаймыз!
- Подробности
- 35
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіп одағы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Табельдинова Назира Сарсембаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай кездесу кеш өтті.
Кеш барысында жоғары сыныпқа қызмет көрсету бөлімінің бөлім меңгерушісі Ідрісова Кәмила Сәмсинқызы Алғыс хатпен марапатталды.
«Жайдары күз, жомарт күз»
- Подробности
- 35
2023 жылдың 10 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Болашақ мұра» қоғамдық қорының балалары арасында «Жайдары күз, жомарт күз» тақырыбында ертеңгілігін өткізді.
Шара барысында балалар жеміс-жидектерге қатысты қызықты жұмбақтар шешіп, «Бауда әлде бақшада» ойынымен қатар «Зиянды және пайдалы тағамдар» атты танымдық ойының ойнады.
Балалардың назарына тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.
Шара соңында балаларға берекелі де мерекелі күз мезгілінің жеміс-жидектерге толы себеті сыйға тартылды.


«Жасыл әлем сұрақтары»
- Подробности
- 49
5 қазан «Жасыл әлем» экологиялық клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жасыл әлем сұрақтары» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау, қоқыстарды қайта өңдеу туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар «Қоқысты сұрыптап үйренейік» ойынына қатысып, сұрыпталған қоқыс арқылы табиғат тазалығына септігін тигізетіндерін түсінді.
Келесі кезекте жағдаяттарды шешу арқылы бұлақ көзін таза ұстау, су жағасына қоқыс тастамау, ағаш бұтақтарын сындырмау секілді зиянды әрекеттердің алдын алды.
Квест ойынының соңғы кезенінде жұмбақтар шешу арқылы, жер шарының екінші бөлігін құруға ат салысты.
Балалардың назарына «Жеріңді аяла, адамзат» кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды. Оқырмандар сұрақтар қойып өздерінің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ойларын жеткізді.

«Мәңгілік ғұмырға айналған қаламгер»
- Подробности
- 36
2023 жылғы 4 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында оқушыларды отансүйгіштікке баулып, туған жерге деген адалдықты санасына ұялату мақсатында драматург, жазушы, Бөкей Оралханның туғанына 80 жыл толуына орай «Мәңгілік ғұмырға айналған қаламгер» атты cторителлинг өткізді.
Шара барысында жазушының шығармашылық қабілеті, ойының ұшқырлығы, жазушылар арасындағы іс-әрекеттері жайында ақпарат берілді. «Қайдасың қасқа құлыным», «Кербұғы», «Тортай мінер ақбоз ат» шығармаларының мазмұны түсіндірілді.
Тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, қаламгер шығармалары жинақталған 7 томдық «Таңдамалы шығармалары», «Қамшыгер», «Үркер ауып барады», «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім», «Мұзтау», «Ауыл хикаялары» тағы басқа да кітаптары таныстырылды.






.png)
