Новости
"Посчитам и сравним"
- Подробности
- 34
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 15 қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы төл теңгеміздің 30 жылдық мерейтойына орай "Посчитам и сравним" атты квест ойыны өткізілді. Оған №11 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты.
Квест ойыны шытырман оқиғалармен, тосын сұрақтармен, құпия жауаптармен, түрлі тапсырмалар арқылы қызықты ұйымдастырылды. Балалар ойын барысында "Что? Где? Когда?", "Секретная шифровка", "Внимательный счёт", "Разгадай и угадай!" деп аталатын бекеттерден өтіп, ондағы берілген тапсырмаларға жауап тауып, келесі бекеттерге жолдама алып отырды. Ойын арқылы олар ұлттық валютамыз теңгеге қатысты түрлі ақпараттарды игеріп, ұйымшылдықпен, тапқырлықпен, жылдамдықпен бірлесе шешім шығара отырып, ойынның шешуші кезеңінде қазынаға қол жеткізді.
Квест балалар үшін өте қызықты, әрі көңілді болды. Ойын қорытындысында балаларға "Покажи рукой" кері байланысы ұсынылып, олар ойыннан алған әсерлерін саусақтары арқылы көрсетті. Мерекеге орай өткізілген квест ойыны баларға ойнап отырып, ойлауға үйретті. Оқырмандарға кітап көрмесі ұсынылды.


«Болашаққа бет алды білімді ұрпақ»
- Подробности
- 39
2023 жылғы 9 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Болашаққа бет алды білімді ұрпақ» белсенді жастармен кездесу кешін өткізді.
Шараға журналист, «AQTÓBE» телеарнасындағы «Бестің шайы», «Жаңа күн», «KZ жасалған», «Ақтөбе tour» жобаларының жүргізушісі Исатай Мира Ерланқызы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жеті шекті гитараның сиқырлы тілін шебер меңгерген Қойшыбаев Ернар Ерланұлы, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8 «Ә» сынып оқушысы, «Book.pay.@it» жобасының тұрақты қатысушысы, белсенді оқырманымыз Шаймерден Нартайлы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы студенттері мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Шара арқылы оқырмандарымыздың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін оятып, өз ойын еркін жеткізіп айта алатын, ерінбей еңбек ететін талабы бар, ойлап әрекет ететін, ел игілігі үшін қызмет атқаратын рухы биік жастарымызды тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында оқушылар журналистика саласының қыры мен сырын, болашақта ұстаз болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керектігін ұғынып, заманауи сұранысқа ие мамандық түрлерімен танысты.
Оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Көші түзу кемел елдің жастары» атты кітап көрмесі мен ойындар ұйымдастырылды.


«БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ»
- Подробности
- 34
Халық ақыны, айтыскер, жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы қорытындыланды.
Байқауға «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Айсын Байтақова, облыстық халық шығармашылығы орталығының мониторинг, талдау және әдістемелік бөлімінің әдіскері Диана Елубаева, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің ән салу бөлімінің оқытушысы Нұрпейіс Әбілхасан қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.
Кеңес қорытындысы бойынша 1 орынды – Жолжан Ахмет, 2-орынды Шариева Мейіргүл және Айтбай Еркеназ, 3- орынды Батуханқызы Наташа мен Әріп Инабат иеленді.
Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.


«Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі»
- Подробности
- 43
2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру.
Семинарда «Кітап оқуды ілгерілетудегі кітапханалық жобалардың өзектілігі», «Әлеуметтік желі арқылы кітапхана жұмысын ілгерлету», «Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып, кітапханашылар іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.
Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.


«KITAP – сөз маржаны, KITAPHANASHY – ой адамы»
- Подробности
- 42
Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара барысында кітапхана ардагері Раиса Туленовна «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», сонымен қатар кітапханашы Хасанғалиева Гүлмира мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен», Алданазарқызы Аяжан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отыра, еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз!


«Жасай бер, жаса Қазақстан!»
- Подробности
- 40
2023 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне арналған «Жасай бер, жаса Қазақстан!» патриоттық акция ұйымдастырды.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.
Акцияға қатысқан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімнің инспекторы, аға лейтенант Айсұлтан Бекет және кадет оқушылары оқырмандарға өз құттықтауларын жолдап, білімді, саналы ұрпақ ел болашағының кепілі екендігін айтып кітап оқуға шақырды.
Кітапхананың белсенді оқырмандары патриоттық өлеңдер оқып, домбырамен күй шертіп, Анар Жапарқұлованың сөзіне жазылған Ержан Серікбаевтың «Жаса, Қазақстан!» әнін орындады.
Патриоттық шараға «Қазанғап» атындағы өнер мектебінің, Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенің оқушылары қатысты.






.png)
