Новости

Новости

2023 жылғы 12 желтоқсанда Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» патриоттық кеш  ұйымдастырды.

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресін құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада тәуелсіздік жолының құндылығымен,  қиын өткелдерден өткен еліміздің бүгінгі жетістіктері жөнінде терең түсінік берілді. 

        Шара қонақтары «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігі мүшесі Маржанай Смағұлқызы Қалжанова және  Ақтөбе Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері Заманай Қайнарұлы елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін жасалып жатқан игі  істер мен  ел жетістіктері туралы әңгімелеп,  оқырмандарды  саналы да, салауатты  қоғамда адалдықты ту еткен алғыр ойлы азамат болуға шақырды.

 Кітапхананың белсенді оқырмандары «Көк байрақ мәңгі бақи желбіресін!» мерекелік сазды бағдарламасын ұсынды.

ce845942 6f4a 4049 bf6a 3edf3e28dd349a1159fd 31c6 47a3 83e7 4acff45aa5cc

2023 жылғы 8 желтоқсан күні №13 орта мектебінде қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Таңбалы тарих-таңдаулы тұлға»  тақырыбында ғылыми-практикалық конференция  өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы  жас ұрпақты білімге, ілімге, әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткен шараға Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Шырағы сөнбеген  қаламгер» атты кітап көрмесін ұсынып, библиограф Қуаныш Гүлдана библиографиялық  шолу  жасады.  «Ақиқаттың алдаспаны» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері Қуаныш Гүлдана және Өтесова Гүлназ Ақтөбе қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ директоры А.Сулейменованың  Алғыс хатымен  марапатталды.

fa1558f9 e71f 4c1b addb 0b46bba9a4e1

2023 жылғы 7 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Адал өмір сүру ғана адамды бақытты етеді» атты құқық  қорғау инспекторымен кездесу өткізді.

Шарада жас ұрпақ халқын, Отанын сүйетін, нағыз толыққанды тұлғаға айналу үшін жастайынан ізгілік,  мейірімділік,  адамгершілік, адалдық сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеудің маңыздылығын айтылды.

Шара қонағы Ақтөбе    қаласы ПБ Алматы ауданың 3 КПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Ақбаян Абзалқызы Амин бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәбиелеу қажеттігін айтып, ақыл-кеңес берді.

dfb41c8b 54a1 4b87 b7a7 bf275026c06c2f08541b 57e4 47a3 a11a bcc35c7fc654

2023 жылғы 6 желтоқсанда  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін» тақырыбында квиз өткізілді. Ойынға І.Есенберлин атындағы №15 мектептің 5 «а» класс оқкшылары қатысты.

Шараның негізгі мақсаты балаларға ойын арқылы қоғамдағы  өзекті тақырып туралы ой салу. Шара барысында балаларға адалдық айнасы саналатын Шәкәрім өлеңдерін тілге тиек ете отырып, адалдық пен адамдық қасиеттерді қалыптастыру насихатталды.

 Сыбайлас  жемқорлық тақырыбында толық ақпарат беріле отырып, балалар «Quizzis» арнайы бағдарламасы арқылы қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ «Benim» арнайы бағдарламасы арқылы «Ой жалғау»  тақырыбымен  әділдік, адалдық турасында мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырмасы ұсынылды.

«Жемқорлық - індет, күресу – міндет» тақырыбында кітап көрмесіне билиографиялық шолу жасалды.

e0756ce7 788b 4465 bc8b 116a629631e1f799aab3 f2e6 4998 9439 f3ff34c69fa4

2023 жылғы 23 қараша күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында «Позитив» салауаттылық клубының мүшелерімен «Жаман әдеттер әлеміндегі жасөспірім» дөңгелек үстел өткізді. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту және өзіне сенімділік, қайрат, жігерлік қасиеттерін дамыту мақсатында өткен дөңгелек үстеліне қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қатысып, «Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?», «Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?», «Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?» сұрақтар төңірегінде пікірлерімен бөлісті.

Шара қонағы облыстық ЖИТС орталығының  маманы Айжан Жайлаубаева оқырмандардың пікірлерін тыңдай отырып, ұлтымыздың кемелді келешегі-жастардың өмірі  аса маңызды, сондықтан сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарды тәрбиелеудің қажеттілігін айтты.

Шара соңында қатысушылар зиянды әдеттерге жол бермеу туралы бір-біріне ұсыныстарын айтып,  «Біз денсаулықты қолдаймыз!» тақырыбында өлең, ән, сурет арқылы өз  шығармашылықтарын көрсетті.

3cd00714 c481 4693 b0e8 ccece432dc315a311db9 0bd0 4a62 b5a5 118a2dc07e35

2023 жылдың 16 қазан күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептің 5-сынып оқушылары арасында «Кішкентай баланың үлкен құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел   өткізді.

М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ақнұр Әкімжанқызы Ниязбағанбетова адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады және «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңға сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына қарамастан барлық баланың құқығы тең екенін атап кетті. Балалар  құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін, адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынғандығы туралы ақпараттандырылып, «Менің құқығым» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.  

 «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

d9fb41ac 9469 49b7 ae80 748ac74b0bf0e9eccfc5 4fcd 477b 89ed 7b7bc88a880e