Новости

Новости

     2022 жылғы 17  наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Наурыз мейрамында  «Аққу» қоғамдық бірлестігінің ең сүйкімді балаларын «Келді Наурыз-гүл-көктем» атты көңілді бағдарламасымен құттықтады. Балалар би билеп, жұмбақ шешіп, ойынға қатысты.

     «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылып, қазақтың салт-дәстүріне, қазақтың ұлттық тағамдарына арналған кітаптарды оқыды. Мерекелік дастарханда балалар кітапханамыздың Наурыз көжесі мен бауырсақтарынан дәм татты. Кітапхана қызметкерлері балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар үлестірді.

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11

     2022 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин  атындағы облыстық  балалар кітапханасы жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

     Оқырмандар «Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?», «Діннің адамның рухани өміріндегі орны» тақырыптары бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы  Нұрлан Асанов  жастардың діни сауаттылығын ашатын мәселелерді көтеріп, оларды қазақ халқының мәдениеті мен озық салт-дәстүрін құрметтеуге, туралықтан таймауға шақырды.

     «Дін - тәрбиенің  рухани тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкәрім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыздың шығармалары насихатталды.

1

2

3

5

     2022 жылғы 15 наурыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған, Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан ...» эко-әдеби  керуенін өткізді

     Шарада халықтың көңіл-күйін, сүйініші мен күйінішін табиғаттың ішкі иірімдерін сіңіре отырып жазылған көркем шығармалар арқылы оқырмандарға  қоршаған орта туралы түсінік беріліп, табиғатты қорғап, аялай білуге шақырды.

     «Табиғатым- байлығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу ұсынылды.

1

2

4

5

     2022 жылғы 14 наурыз күні Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы «Наурыз — мәңгілік ел салтанаты»  атты мерекелік шара өткізді.

     Шараның құрметті қонақтары қазанғаптанушы, күйші, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылханов, ҚР Мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова, облыстық планетарий директоры Қорлан Бөлеков, Мәдениет саласының үздігі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Алмагүл Сарыбай және  өлкетануға елеулі үлес қосып, ұлттық тәрбиені насихаттап жүрген №31орта мектебінің мұғалімі Орынгүл Идрисова қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың маңызы мен мәнін ашып, тарих қойнауында қалған ескірген дәстүрлер жайлы тағылымды әңгімелерін айтып, Амал күнімен құттықтап,  ақ баталарын беріп, өскелең ұрпақты халық өнегесін қадірлеп, сақтауға шақырды. Шарада көне дәстүрлеріміздің бірі, жастарға арналған  ақыл, өнеге, өсиет, тағылымды сөздерге толы – «Аушадияр»   дәстүрі жаңғырып, мерекелік сазды бағдарлама және «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы 2022 жылғы 3 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анаммен әлем әдемі...» атты мерекелік шара өткізілді.

      Шараға Ақтөбе өңірінен шыққан estethom.kz брэндінің авторы Раушан Нұрлыбайқызы қатысып, 4 сынып оқушыларын өз қолөнерімен жақынырақ таныстырды. Мастер-класс өткізіп қыз балалардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды. «Ақбөбек» білім беру орталығының оқушылары аналарға арнап өлең шумақтарын оқыса, «Талант студио» шығармашылық мектебінің өнерпазы Сагиндыков Ислам ақ жаулықты аналарға және  барлық нәзік жандыларға арнап ән шырқады.

1

2

3

5

6

7

     2022 жылғы 2 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына арналған «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кешін өткізді.

    Кітапхана оқырмандары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ертай Ахатұлы Ашықбаевтың және ақынның қызы Лаззат Баймолдинаның әңгімелері арқылы ақынның шыншылдыққа, азаматшылдыққа үндейтін шығармашылығымен, оқырманды ойлылығымен, шынайылығымен баурайтынын өлеңдерімен тереңірек танысты.

    «Zoom»  платформасы арқылы ақынның  Алматы қаласында тұратын жары және балалары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып оқырмандармен сұхбаттасып,  ақынның өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.

    «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның өлмес бақыты – өлең!» әдеби монтажын ұсынды.

    «Өмірім... Өрнектелсін өлеңіммен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

     Шараға «Желкен» әдеби клубының мүшелері, №31, №65, №2, №42  №22 мектептерінің жоғарғы класс оқушылары,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

1

2

3

4

5

6

7