Новости

Новости

2024 жылғы 28 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 35 жыл толуына арналған «Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» тарих сағатын өткізді.

Шара барысында ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бекет Айсұлтан және Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 орта мектебінің әскери және технологиялық дайындық пәнін ұйымдастырушы Асқар Қабдрахимұлы Шахшаев Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке ұмтылдырып, Тәуелсіздігіміздің қадірін жете түсінуге, Отан алдында адал, білімді болуға шақырды.

Кітапхана оқырмандары «Қаруластар рухына»  атты әдеби монтаж ұсынып, шараны патриоттық әнмен аяқтады.

«Ауғаныстан: уақыт бізді таңдады» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

744ccbfe fe06 4ff0 b6a4 d882d95acf32

2024 жылғы 25 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында азаттық үшін күресіп, тарихта аты қалған  батыр қыздың бірі - Сапура Мәтенқызына арналған «Ерлігімен елге танылған батыр қыз» тарихи кеш өткізді.

Шара қонағы «Сапура Мәтенқызы» зерттеуші топ мүшесі Жібек Османғалиқызы Абдуллина Сапураның небәрі 22 жасында 10 мың қолды бастап, патша өкіметіне қарсы күрескен  ерлік жолын үлгі етіп, батыр тұлға ретінде танытты.

Сапура Мәтенқызының ерлігін, туған жеріне сүйіспеншілігін насихаттайтын «Кіші жүздің Көктемірі» кітап көрмесі оқырмандар  назарына ұсынылды.

013eeb93 3e44 4396 a28f 1993ba02029f

19 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 22 орта мектебінде «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында  «В мире чистоты» денсаулық сағатын өткізді.

       Шара барысында оқушылардың  пікірлерін тыңдай отырып, жастардың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы екендігін және адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтай білуге, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырылды.

Клуб мүшелері викториналық сұрақтарға жауап беріп, анаграммалар шешіп, мақал-мәтелдер айтып, өзара жарысқа түсіп, шараға белсене қатысты.

4cbd8774 e649 4c32 8ec0 c0c84d95d0ee

 

2024 жылғы 18 қаңтарда «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында  қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы  Б. Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары  жазушының «Балалық шаққа саяхат»  повесіне әдеби талдау жасады. Талдау барысында  «Топтастыру», «Тамшыдағы сұраққа жауап бер», «Құпия сөз», «Шығармадан үзінді айт», «Кейіпкерді тап» атты тапырмалар ұсынылды. №2 ЖОББ мектеп-гимназияның 3 сынып оқушылары шығармадан  алған әсерлерімен бөлісіп,  үзінділерді жарыса жатқа оқыды. «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. 

9b6f94c7 8ab5 4334 af7b 4df9fc08dc49

2024 жылғы 15 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Ертегілер елінде» дауыстап оқу шарасы өткізілді.

Шараға Қазақ аналары  "Дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының мүшесі Құлекенова Күлаш әжеміз бен №41 «Назерке» бала-бақшасының бүлдіршіндері  қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балалар «Түлкі, мысық, әтеш» ертегісін қоюға белсенді қатысып, ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдады.

Шара барысында Күләш әжеміз «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін дауыстап оқып берді. Кішкентай ізденімпаздар қызықты ойындар ойнап, №68 Ж.Ташенов атындағы ЖББОМ оқушыларының орындауында «Ертегілер елінде» әнімен шара өз мәресіне жетті.

04da7021 ab21 4fd6 b9df fbc044487655

2024 жылғы 11 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында жас ұрпақтың бойында әділдік, адалдық қасиеттерін күшейтіп, жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі»  атты ақпарат сағатын өткізді. 

Шара қонағы Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Әсел Сағынғалиқызы  Мұстафина жас буынға сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізетін айта келе, оған қарсы сана қалыптасқан жағдайда әр адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстайтынын, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейтіндігін жеткізіп, орталықтың атқарып отырған жұмыстары мен жоспарларымен бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып,  библиографиялық шолу жасалды.

    

 

 6447d42e 3e67 435e ba7b ae207a49d992

2074874e 69ff 4535 a6a1 149be176e0ef

99f2ceaa f3ff 4516 8734 b5503abce98e

54e84c72 18d9 4f08 a42c 80b76ef9db0f

6c78c02b ffae 4aee 83e4 ac460045edc3