Новости
«Бағдаршам — жол серігің»
- Подробности
- 2


2026 жылы 3 сәуір күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Балалар кітап апталығы аясында №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына «Бағдаршам — жол серігің» атты танымдық квиз-ойыны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.
Оқушылар бағдаршамның шығу тарихымен танысып, жол қозғалысы ережелері туралы танымдық бейнеролик тамашалады. Сонымен қатар, викториналық тапсырмаларға белсене қатысып, түрлі жол жағдайларын «рұқсат етіледі» және «тыйым салынады» деп жіктеу арқылы өз білімдерін көрсетті. Ойын барысындағы ерекше әсер қалдырған кезеңдердің бірі — сергіту сәті болды. Балалар пазл құрастыру арқылы жол белгілерімен танысып, олардың мағынасын тереңірек меңгерді. Бұл тәсіл оқушылардың білімін ойын арқылы бекітуге үлкен ықпал етті.
Шарада «С правилами дорожного движения нужно дружить с детства!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігі тақырыбына деген танымын кеңейтті.
«Балалар жазушыларымен танысу»
- Подробности
- 4
2026 жылдың 2 сәуірінде №56 жалпы білім беретін орта мектебінде «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай «Балалар жазушыларымен танысу» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Шараның мақсаты – 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күнінің мәнін ұғындыру, қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын-жазушылармен таныстыру.
Шара барысында оқушыларға әйгілі дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсен туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар «Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ жазушылары Бердібек Соқпақбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Сапарғали Бегалин, Қадыр Мырза Әлі шығармалары насихатталды.
Балалардың зеректігі мен білімін тексеру мақсатында «Ұлттық кітап қазынасы» монополиялық үстел үсті ойыны ойнатылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар кітапхананың арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

«Адал еңбек, алғыр ой – анық досың!»
- Подробности
- 6


2026 жылғы 13 қаңтарда Н.Байғанин атындағы облыстық кітапханасы №11 гимназия-мектептің оқушыларымен бірлесіп, оқырмандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізі ретінде адал еңбек, алғыр ой, әділдік пен жеке жауапкершілік құндылықтарын түсінуін қалыптастыру мақсатында «Адал еңбек, алғыр ой – анық досың!» тақырыбында пікір алмасу шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адалдық пен жауапкершілік туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Оқушылар жағдаяттармен жұмыс істеуге белсенді қатысып, әртүрлі жағдайларда адалдықтың қай жерде бұзылатынын анықтап, мәселеден адал жолмен шығудың тиімді шешімдерін ұсынуға тырысты. «Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қой!» ұрандарын оқу, еңбек туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру, «Табысты адамның портреті» атты командалық жұмыс арқылы адал еңбектің табысқа жеткізетін негізгі қасиеттерін айқындады.
Сонымен қатар оқырмандар назарына «Адал еңбек пен ақыл жеңеді» атты кітап көрмесі ұсынылып, көркем әдебиет кейіпкерлерінің іс-әрекеттері талданып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы таныстырылды.
«Табиғатым бүлінбесін!»
- Подробности
- 5
«Жасыл әлем» экологиялық клубының кезекті отырысында М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушыларымен «Табиғатым бүлінбесін!» тақырыбында экосағат өткізілді.
Оқырмандарға түрлі табиғи құбылыстар туралы қызықты, танымды ақпараттар беріліп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктері мен экологиялық сауаттылығын арттыруға негізделген ырым-тыйымдар мен логикалық сұрақтар жасырылды, шығармашылық тапсырмалар берілді.
«Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.






«Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!»
- Подробности
- 7
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!» атты патриоттық кеш өтті.
Тарихы тереңде жатқан қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы төккен еңбектері, ата-бабаның ұрпаққа қалдырған мұрасы,қанымзда бар салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы айтылған айтулы шарада «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Омар Жанар Рысбайқызы, осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі Гүлайым Шынтасқызы Жанғалиева қазақ елінің шежірелі тарихындағы «Желтоқсан оқиғасының» орны мен қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында терең әңгімеледі.
Оқырмандар назарына «Азат елдің аспаны ашық!» атты әдеби монтажы мен патриоттық әндер, «Тәуелсіздік жас ұрпақтың шаттығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.






«Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!»
- Подробности
- 5
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!» атты патриоттық кеш өтті.
Тарихы тереңде жатқан қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы төккен еңбектері, ата-бабаның ұрпаққа қалдырған мұрасы,қанымзда бар салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы айтылған айтулы шарада «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Омар Жанар Рысбайқызы, осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі Гүлайым Шынтасқызы Жанғалиева қазақ елінің шежірелі тарихындағы «Желтоқсан оқиғасының» орны мен қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында терең әңгімеледі.
Оқырмандар назарына «Азат елдің аспаны ашық!» атты әдеби монтажы мен патриоттық әндер, «Тәуелсіздік жас ұрпақтың шаттығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.










.png)
