«Бағдаршам — жол серігің»

WhatsApp Image 2026 03 30 at 12.35.28 1WhatsApp Image 2026 03 30 at 12.35.28

2026 жылы 3 сәуір күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Балалар кітап апталығы аясында №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына «Бағдаршам — жол серігің» атты танымдық квиз-ойыны ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.

Оқушылар бағдаршамның шығу тарихымен танысып, жол қозғалысы ережелері туралы танымдық бейнеролик тамашалады. Сонымен қатар, викториналық тапсырмаларға белсене қатысып, түрлі жол жағдайларын «рұқсат етіледі» және «тыйым салынады» деп жіктеу арқылы өз білімдерін көрсетті. Ойын барысындағы ерекше әсер қалдырған кезеңдердің бірі — сергіту сәті болды. Балалар пазл құрастыру арқылы жол белгілерімен танысып, олардың мағынасын тереңірек меңгерді. Бұл тәсіл оқушылардың білімін ойын арқылы бекітуге үлкен ықпал етті.

Шарада «С правилами дорожного движения нужно дружить с детства!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігі тақырыбына деген танымын кеңейтті.