Новости

Новости

15 қараша – Ұлттық  валюта-теңге күніне орай  «Теңге тиыннан құрылады» квест ойынын өткізді. Шараға №11 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары белсене қатысып,оқырмандарға төл теңгеміздің айналымға енгізілу тарихы  және оның өзгерістері жөнінде ақпарат берілді. Оқырмандар ойын  кезеңдерінде түрлі сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өздерінің зерек те зерделі екендерін таныта білді.

    «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

 

мл 151мл 155мл 152мл 154

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гемназиясының мәжіліс залында  7 класс оқушыларымен «Рухы мықты қаламгер» атты шара өткізді.

Шара барысында Сара Мыңжасарованың өмірбаянымен және ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастарға өнеге көрсету мақсатында жазылған шығармашылығы мен  қайраткерлік тұлғасы туралы терең айтылып, оқырмандар назарына «Рухы мықта қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.

  Оқырмандар жазушының шығармалары туралы пікір алмасып, талдау жасады. Тақырыпқа сай сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, өзара сайысқа түсті.

07.207.307.0507.0607.0707.08

2024  жылғы 30 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан» тақырыбында облыстық  семинар ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық  қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру.   

Семинарда «Жаңа Қазақстан: сандық көкжиектегі шығармашылық кеңістік», «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз», «Каталогизатор мектебі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып,  кітапханашылар «Оқитын, дос іздеймін!»,  Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған «Ұлттық құндылықтар - 21 ғасыр кітапханасында» жобаларының  жұмыстарымен танысып, іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.

Жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.

Инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстар үйлесім тапқан семинар  кітапхана ісінде жаңа әлемдерді ашуға үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз.

семинарсеминар3семинар5семинар6семинар7

Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім-Қазақстан!» патриоттық кеші өткізілді.

Патриоттық шара өскелең ұрпақтың бойында танымдық-қызығушылықты, патриоттық және азаматтық сананы дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Шара қонағы  Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлы атаулы мерекенің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және болашаққа сеніміміздің символы екенін баса айтып, мерекемен құттықтады.

Кеш барысында  № 41 Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназияның «Жас сақшы» полицей сыныптары, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 5 сынып оқушылары Жұбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын»,Серік Қалиұлының «Қазақстан» өлеңдерін жатқа оқыса,  «Қалалық мәдениет үйінің» «Халықтық ұжым» Сұңқар вокалдық ансамблінің әншісі Кашымова Аделя  «Туған жер», Абрахманова Сабина «Отан»,  Әбдіғазиз Шахислам «Атамекен»  әндерімен  рухты  көтерді.

 Оқырмандар мен  кеш қонақтарын  «Жасай бер, Жаса, Қазақстан!» атты кітап көрмесімен таныстырып, еліміздің жетістіктерін мақтан тұтып,ортақ мақсаттарға бірге  жетуге шақырды.

 

қыран2қыран3қыран4қыран5қыран 6қыран7қыран 10қыран11

       Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №8 орта мектептің 5 класс оқушыларына Сағи Жиенбаветің туғанына 90 жыл толуына орай 

« Сәулелі сөздің шебері,жаны жайдары ақын» әдеби – сазды кеш өткізілді.

    Шараның мақсаты: қазақ поэзиясының оркестрінде өзіндік әсем сыңғыр үні бар Сағидың ақындық өнерін,   оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жататын жерлес ақынымыздың асыл мұрасын оқуға насихаттау.

         Шара барысында  Сағи Жиенбаев жайлы бейнебаян көрсетіліп, өмірі мен шығармашылығына тоқталды.Оқушылар «Поэзия минутында» ақынның «Кемпірқосақ», «Оймауыт», «Саяхат», т.б өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Филворд» әдісі арқылы кітапхана мен ақынға байланысты сөздерді тапты, «Жалғасын тап!» әдісінде   лирик ақынның өлеңдерін тапты. Сергіту сәті «Стакандар тізбегі»  стакан,резеңке, жіп арқылы балалардың шапшаңдығын, жылдамдықтарын анықтап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Балаларға «Жырлары мөлдір бұлақтай» кітап көрмесі таныстырылды.

 

с1с2с3с4с5с6

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

рух1рух4рух3рух6.jpg

рух5      

Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – ел үшін» кездесу кешін өткізді.

Шара қонағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы Саматов Сапар Саматович  еліміздегі тыныштық пен татулықтың маңыздылығына тоқталып, мәдениеттілік, имандылық, адамгершілік, ибалылық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жататынын, адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналатынын, басқа ағым жетегінде кетпеу, ол әркімнің қолында екендігін жеткізіп, өзгелерге құрмет көрсету және жағым­сыз әрекеттерден аулақ болу секілді қадам­дарды ұстану туралы  ақыл-кеңестерін берді.