

2026 жылдың 13 мамыр күні «Тәуелсіздік. Аманат. Арман» жобасы аясында «Спорт арманыма апарады» атты спортшылармен сыр-сұхбат алаңы өтті.Шараға №52 негізгі білім беретін мектептің 7-сынып оқушылары және №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінің еркін күрес жаттықтырушысы Мейрамбек Жолдыбаевич Есбергенов және шәкірттері Қыдырғали Дулат пен Өтеген Аслан қонақ ретінде қатысты.Шара барысында №4 спорт мектебі және спорт түрлері туралы айтылып, қонақтар өздерінің спортқа келу жолы мен спорт саласындағы жетістіктерімен бөлісті.Оқушылар спортқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда: «Баланы неше жастан спортқа беру керек?», «Қыз баланың спортпен айналысқаны қаншалықты дұрыс?», «Спорт пен білімді қатар алып жүруге бола ма?», «Жаттықтырушының бір күні қалай өтеді» деген секілді сауалдар қойылып, жауап берілді.Қонақтармен бірге «Спорт терминдерін білесің бе?» атты ойын ойнатылып, «Жеңіс жолындағы жігер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.




.png)
