

2026 жылдың 12 мамыры күні Аналар күніне орай және «100 кітап» жалпыұлттық жобасы аясында «Ана бейнесі әдебиетте» тақырыбында әдеби талдау өтті. М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушыларының қатысуымен өткен шарада «100 кітап» жалпыұлттық жобасына енген ана, әйел тақырыбындағы шығармалар талданды. Оқырмандар «Ана бейнесі әдебиетте» атты жұмыс парағындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп «Ана — гүл, ана — өмір шуағы» атты кітап көрмесімен танысты.




.png)
