

2026 жылдың 5 мамырында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ерлік жайлы шырқалады жыр-әнім» атты әдеби-тарихи кеш өткізді.
Шара барысында ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен төзімділіктің символына айналған, Отан үшін жанын қиған қаһармандар туралы тағылымды мәліметтер берілді. Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, сондай-ақ қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктері кеңінен насихатталды.
Адамзат тарихында ерекше орын алатын соғыс жылдары туралы бейнежазба көрсетіліп, «Мақалды жалғастыр», «Бір батыр», «Алғыс, лебіз», «Не түсіндік? Не білдік?» атты жұмыс парақтары ұсынылды. Оқырмандар өз ойларын жазып, әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Ерліктің ерен тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.




.png)
