Новости

Новости

 

2024 жылғы 21 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Позитив» салауаттылық клубының бағдарламасы бойынша № 11 жалпы  білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен  «Курить больше не захочется!» тақырыбында танымдық-зияткерлік  шарасы өтті.

Шара қонағы – №2 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Сәндібекова Ақбота Бақытбекқызы жасөспірімдерге шылым шегудің зияны туралы толық ақпарат беріп, салауатты өмір салтын сақтауға кеңес берді.

 Оқырмандар  шылым шегудің зияны туралы бейнебаян тамашалап,  зияткерлік ойын кезеңдерінен өтіп, көңілді жаттығу жасап, өздері дайындап келген «Курить-здоровью вредить!»  атты сахналық қойылымын көрсетті.

   Оқырмандар назарына «Без табака прекрасна жизнь – от сигареты откажись!»  кітап көрмесі ұсынылды.

 

21.2 ст21.3 ст21.4 ст21.5 ст21.6 ст21.7

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Кішкентай баланың үлкен құқықтары» құқық сағаты  өткізілді.

 Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы біліп,   Қазақстанның  болашағына үлесін қоса білетін білімді де , ізденімпаз болуға   бағытталған шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Ахметова Айя Серікқызы қонақ болып, тақырыпқа байланысты ой – пікірін білдіріп, өзінің де  өзегенің де құқығын  бұзбайтын тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ұл –қыздарын ортақ мақсаттарға бірге жетуге шақырды.

   Сондай-ақ   № 8 орта мектебінің  5 сынып оқушыларына шағын дәріс өткізіліп  «Менің құқықтарым  мен міндеттерім» атты ойын ойнатылды.

 Оқырмандарға  «Өз құқығынды біл, өзіңді қорға!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

20.120.220.320.420.520.6

«АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Еріктілер – ізгіліктің елшісі» еріктілермен сыр-сұхбат өткізді.

Шара қонақтары «Жұбанов Жылуы» волонтерлар қозғалысының жетекшісі Еркеназ Әлібекқызы Әлібек, «Бір қадам» еріктілер тобы жетекшісі  Жанерке Аманқызы Мирашева қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейтінін,  қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі екенін айтып, ерікті болу арқылы ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің алғысына бөлену деп, жастарды жақсылық жаасауға шақырды.

Оқырмандарға адам жанын ізгілікке тәрбиелеу, тазалыққа баулу сияқты қасиеттерді насихаттайтын халықтың көне дастандары, ертегі-аңыздары, ауыз әдебиеті мен бірге қазақ қаламгерлерінің шығармалары ұсынылды.

 

Strategy and Planning 115 ст15 ст 215 ст315 ст4

15 қараша – Ұлттық  валюта-теңге күніне орай  «Теңге тиыннан құрылады» квест ойынын өткізді. Шараға №11 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары белсене қатысып,оқырмандарға төл теңгеміздің айналымға енгізілу тарихы  және оның өзгерістері жөнінде ақпарат берілді. Оқырмандар ойын  кезеңдерінде түрлі сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өздерінің зерек те зерделі екендерін таныта білді.

    «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

 

мл 151мл 155мл 152мл 154

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гемназиясының мәжіліс залында  7 класс оқушыларымен «Рухы мықты қаламгер» атты шара өткізді.

Шара барысында Сара Мыңжасарованың өмірбаянымен және ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастарға өнеге көрсету мақсатында жазылған шығармашылығы мен  қайраткерлік тұлғасы туралы терең айтылып, оқырмандар назарына «Рухы мықта қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.

  Оқырмандар жазушының шығармалары туралы пікір алмасып, талдау жасады. Тақырыпқа сай сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, өзара сайысқа түсті.

07.207.307.0507.0607.0707.08

2024  жылғы 30 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан» тақырыбында облыстық  семинар ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық  қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру.   

Семинарда «Жаңа Қазақстан: сандық көкжиектегі шығармашылық кеңістік», «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз», «Каталогизатор мектебі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып,  кітапханашылар «Оқитын, дос іздеймін!»,  Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған «Ұлттық құндылықтар - 21 ғасыр кітапханасында» жобаларының  жұмыстарымен танысып, іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.

Жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.

Инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстар үйлесім тапқан семинар  кітапхана ісінде жаңа әлемдерді ашуға үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз.

семинарсеминар3семинар5семинар6семинар7