



Ұлттық кітап және кітапханашылар күні апталығы аясындағы «Кітап – достық амбасадоры» күнінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында композитор Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Дара жол» атты өнер сағаты өтті. Шара барысында Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіліп, зерттеулері мен қазақ музыкасына әдемі үн берген бірнеше туындылары атап көрсетілді.
Шара барысында есімі қазаққа сазды әуенімен танылған дарын иесі Ілия Жақанов пен бірнеше әуендердің шығуына себеп болған жұбайы Тиыш Әлтайқызының сұхбаттарынан бейне үзік көрсетілді.
Өнер сағатына қатысқан М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей интернатының оқушылары мен кітапхана оқырмандары «Таңдаулы 100 кітап» жобасы аясында «тұлғаларды таны» интеллектуалды ойынында белсенділік танытып, шығармашылық тапсырмаларды бірге орындады.
Кеш қонағы Мәдениет саласының үздігі, Облыстық Халық шығармашылығы орталығының жанында құрылған «Әдеп» тобының халықтық әншісі Қуанышгүл Ғалымқызы Серікбаева әннен шашу шашты.
Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.




.png)
