



Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясында 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Ағаштарда ән салады» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Аталған шараға №52 негізгі орта мектебінің 3-сынып оқушылары белсене қатысып, табиғаттың тылсым сырларымен танысты.
Ұрпақ санасына Жер-Анаға деген сүйіспеншілікті сіңіру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын ұғындыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен танымдық сағатта оқушылар табиғат байлықтарының қадірін түсініп, ағаштар мен өсімдіктердің адам өміріндегі ерекше рөлі туралы қызықты мәліметтер алды.
Шара барысында балаларға табиғатты аялау, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны ластамау сияқты қарапайым, бірақ маңызды әрекеттердің мәні кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар табиғатқа байланысты жұмбақтар шешіп, түрлі танымдық ойындарға қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Әсіресе «Ағаштарда ән салады» тақырыбы аясында табиғаттың сұлулығы мен тыныс-тіршілігі ерекше әсерлі түрде баяндалды.
Оқырмандар назарына «Жеріңді Аяла, Адамзат»атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.




.png)
