

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Кітап.Тарих.Шежіре» күнінде жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ар мен рухты ту еткен» әдеби кеші өтті.
Әдеби кешке қатысушы кітапхана оқырмандары Қабдеш Жұмаділовтың шығармаларынан үзінділер оқып, кейіпкерлер әлеміне терең бойлады, әдеби викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берілді. «Тағдыр» романымен танысып, романның мәні мен мағынасын терең ұғыну мақсатында «Ұлт тағдыры мен жазушы шындығы» атты тапсырмалар орындалды.
Оқырмандарға «Дәуірден сыр шерткен…» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, жазушының «Соңғы көш», «Дарабоз», «Таңғажайып дүние», «Қаздар қайтып барады» сынды шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екені атап өтілді. Айта кету керек, Қабдеш Жұмаділовтың шығармалары «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалып, ұлттық әдебиетті ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналып отыр. Бұл бастама қаламгер мұрасын кеңінен танытып, ел руханиятын асқақтата түсуге жол ашуда.




.png)
