

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Weekend. Book.Vibes» күнінде «ОйLab» атты әдеби-танымдық ойын ұйымдастырылды.
Оқырмандардың демалыс күнін тиімді әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасап, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, кітаппен байланысын нығайту мақсатында өткен шара барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі зияткерлік және логикалық ойындар өткізілді. Қатысушылар «Сен білесің бе?», «Тұлғаны таны» секілді танымдық сайыстарда білімдерін сынап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтел айтып, өзара бақ сынасты.
Ойын барысында оқырмандар тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын, ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты.
«ОйLab» әдеби ойыны балаларға кітапхананың тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар білім мен шығармашылықтың, қызықты демалыстың орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.




.png)
