


Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталықтың ашылу салтанатында оқырмандар назарына «Әдеби кемпірқосақ» атты мазмұнды кітап көрмесінің таныстырылымы ұсынылды.
Кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған, әдебиет пен мәдениетті ұлықтайтын, оқырман қауымды ортақ рухани кеңістікке тоғыстыруды мақсат еткен кітап апталығының ашылуындағы бұл көрме кітапхана қорындағы түрлі жанрдағы әдебиеттерді таныстырумен қатар, келушілерге өз талғамына сай туындыларды таңдауға мүмкіндік берді. Көрмедегі әр кітап сөресі кемпірқосақтың бояуларындай әртүрлі жанр мен мазмұнды біріктіріп, оқырманды рухани әлемнің сан қырлы бояуымен қауыштырды.
Сонымен қатар оқырмандарға әдеби ойындар, викториналық сұрақтар, қызықты квиздер мен кітап кейіпкерлерін тану тапсырмалары ұйымдастырылды. Апталық аясында әр күнге жоспарланған іс-шаралар мазмұны таныстырылып, оқырмандар апталық бағдарламасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.




.png)
