

12 сәуір – Халықаралық адамның ғарышқа алғаш ұшқан күніне орай «Ғарыш – болашақтың бағыты» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Оқырмандарды ғарыш әлемімен таныстырып, ғарышкерлердің еңбегі мен ерлігі туралы мағлұмат беріп, ғылым мен техникаға қызығушылықтарын арттыруға бағытталған шарада №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары Ақтөбе облыстық планетариясында ғарыш әлеміне саяхат жасады. Танымдық экскурсия барысында оқушылар жұлдыздар мен ғаламшарлар әлемімен танысып, ғарыштың тылсым құпияларын білді. Планетарийдегі қызықты бағдарлама балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, «Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтің өмірі мен еңбек жолдары туралы кітаптар, сондай-ақ ғарыш техникасының дамуы мен ғарыш әлеміне қатысты танымдық әдебиеттер ұсынылды. Бұдан бөлек, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларға шолу жасалды.




.png)
