«Оқы, ақтөбелік өренім» оқу марафоны

674de5da df1a 41c6 93b6 9742f1ac18e726b63fdc 355f 45af 92fe faa0dec486c9ea70a2d0 8e0d 436d 8b7c 990dad19c9eb9865ed57 08b6 4a4f a29a 6c061afcb1b3

 

Өңірімізде жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқы, ақтөбелік өренім» оқу марафонының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өскелең ұрпақтың кітапқа сүйіспеншілігін оятып, көркем әдебиет арқылы ой-өрісін кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шараға Бәкір Тәжібаевқа арналған «Ақын жүрек» музыкалық драмасының авторы Моншақ Бекайдарқызы арнайы қонақ болып, оқырмандар мен тыңдармандарға ақынның өмірі мен шығармашылығындағы тың ақпараттармен бөлісті. Іс шара барысында Бәкір Тәжібаевтың ұлы Жасұлан Бәкірұлы арнайы түсіріп жіберген бейнематериал көрсетіліп, оқырмандарымыз ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Және марафонды бастаушы Байғанин ауданы сөз алып қатысушыларға сәттілік тіледі, оқырмандары ақын өлеңдерін оқып, әнін шертті.

Кітап – білімнің кілті, руханияттың шамшырағы. Ендеше, барша өрендерді оқу марафонына белсенді қатысып, кітап әлемімен бірге қанат қағуға шақырамыз!