«Ашық сабақ» әдеби қонақжай

661759147 1507306564627714 8718926013689387548 n662299002 1507306514627719 6951941025124741268 n

 

Балалар кітап апталығы аясында №8 орта мектептің 4-сынып оқушыларымен «Оқитын өлке» облыстық акциясы шеңберінде көрнекті ақын, журналист Ертай Ашықбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ашық сабақ» әдеби қонақжай өтті.

Шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Оқушылар Ертай Ашықбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктерді сезіне білді.

Ақынның балалар әдебиетіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Оның балаларға арналған жұмбақ өлеңдері оқушыларға жасырылып, танымдық ойындар ойнатылды.

Оқырмандар назарына «Өмірім өрнектелсін өлеңіммен» атты кітап көрмесі ұсынылды.