Жаңалықтар
2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына
- Подробности
- 33
2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған "Өткірдің жүзі" атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға кітапхана директоры Эльмира Сағындыққызы Кашкенова қатысты.



2023 жылғы 11 қаңтар күні «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі көркем әдебиетте» әдеби лото
- Подробности
- 35
2023 жылғы 11 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын насихаттау, адалдық пен парасаттылықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі көркем әдебиетте» әдеби лото өткізілді. Шарада қатысушыларға «Еңбектің малы-тәтті»,«Еңбек түбі-зейнет» деген дана халқымыздың бай мұрасы туралы түрлі сұрақтар лото сандарында жасырылып, «Поэзия-пауза», сөзжұмбақтар шешуге бағытталған «Афоризм-тайм» сынды айдарлар бойынша тапсырмалар берілді.
Белсенді оқырмандар Абдрахман Асылбектің «Ұр тоқпақ» кітабынан жемқорлық туралы көрініс көрсетіп, тақырып бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге, бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі ұсынылып қазақ ертегілерінен бастап ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Ы.Алтынсаринның шығармаларымен қатар жергілікті қаламгерлеріміз Т.Жармағанбетовтің «Отамалы», «Бәйтеректің жастық шағы» шығармаларындағы қойшының адал еңбегі және Мұхтар Шахановтың «Отырар»,Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» шығармалары насихатталып, орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дамығанын, жаугершілік замандарда қыран құстармен дүйім жұртты асыраған құсбегілердің болғаны әңгімеленді.







2022 жылғы 20 сәуір күні «Ұлт руханиятының қайраткері» портрет кеші өтті
- Подробности
- 18
2022 жылғы 20 сәуір күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жазушы, қоғам қайраткері М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Ұлт руханиятының қайраткері» портрет кешін өткізді.
Шараға «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры филилогогия ғылымының кандидаты Диар Асқарұлы, аға ғылыми қызметкер, филилогогия ғылымының кандидаты Ермек Ханкей, бас қор сақтаушы, экскурсовод Салтанат Амантайқызы Мұқатаева қатысты.
Оқырмандар назарына «Жарқын ғұмыр» кітап көрмесі ұсынылды.
Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектептің, №45 жалпы орта мектептің жоғарғы класс оқушылары қатысып, арнауларын оқыды.









2022 жылғы 13 сәуір күні «Қазақ прозасының қазығы» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 19
2022 жылғы 13 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі кітапханасында қазақ классик жазушысы Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ прозасының қазығы» әдеби кешін өткізді.
Шараның мақсаты: Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығын насихаттап, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушыларға жазушының өмірі мен рухани мұрасы жайлы естелік-видеолар мен слайдтар көрсетілді.
«Қазақ прозасының қазығы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.





2022 жылдың 12 сәуір күні "А.Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі..." қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
- Подробности
- 17
2022 жылдың 12 сәуір күні №45 ЖББ орта мектебінде "А.Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы" тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ұлы ойшылдың рухани әлемі" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жүргізілді.



2022 жылғы 12 сәуірде «Білім» орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында әдеби керуен өтті
- Подробности
- 19
2022 жылғы 12 сәуірде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Білім» орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 5 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудың бастауы – әдебиет» тақырыбында әдеби керуен өткізді.
Шараға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова қатысты.
Оқырмандарға Рухани жаңғыру шарапаты сәулесіндей болған жыршы Нұрпейіс Байғаниннің, оның ізін ерген Қуандық Шаңғытбаев пен Тахауи Ахтанов бастаған қадірлі қаламгерлердің, «Еңбек паспорты» атанған Шығанақ Берсиевтің, Темірбек Жүргенов сынды қоғам қайраткерінің, ғылым мен білімді жетік меңгеріп, рухани мәдениеттің өркендеуіне сара жол салып, оны ұлықтата білген алаштың ардақты ұлдары – ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтардың рухымызды жүдетпеудің, жүрегіміздің жетімсіретпеудің қамын жегені өмір жолдары мен әдебиеттің - руханиятымыздың алтын сандығы, бітім-болмысымыздың ешуақытта ескірмейтін көркем көрінісі екені айтылып, өнеге етілді.
Жоғарғы сынып оқушылары өлкеміздің атақты тұлғаларына арналған өлеңдер оқыды.






2022 жылғы 8 сәуірде «Компьютердің пайдасы мен зияны» ақпараттық сағат өтті
- Подробности
- 21
2022 жылғы 8 сәуірде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында 7 сәуір -дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Компьютердің пайдасы мен зияны» ақпараттық сағатын өткізді.
Шараның мақсаты - балаларға компьютердің пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағұлматтар беріп, оларды ізденпаздыққа, ұйымшылдыққа үйрету.
Шарада «Наш выбор здоровье и жизнь» кітап көрмесінде компьютерден қорғану ережелері және денсаулық туралы кітаптар ұсынылып, денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету жөнінде айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шараға «Благодар» орта мектебінің 7 класс оқушылары қатысты.






2022 жылғы 17 ақпанда «Кіші жүздің Көктемірі» тарих сағаты өтті
- Подробности
- 27
2022 жылғы 17 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ұлы даланың ұлы қыздары» жобасы аясында азаттық үшін күрескен батыр қыз Сапура Матенқызына арналған «Кіші жүздің Көктемірі» тарих сағатын өткізді.
Ақтөбе өңірінің тарихында халықтың еркіндігі үшін аянбай күрескен, елін қорғаған ерлермен бірге батыр қыздарымыздың таңбасын да қалдырғанын көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын, журналист, өнер зертеуші Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов, «Ақтөбе» газеттің бөлім басшысы, тарихшы, «Сапура Мәтенқызы» топ жетекшісі Исламғали Бітік, ҚР Мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбек, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда сектор бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Сағалиқызы Ерғалиева, «Сапура Мәтенқызы" топ мүшелері қатысып, батыр қыздың бейнесін айшықтап, тарихтағы тұтастас тұлға ретінде танытты.
С.Мәтенқызының өмірін терең зерттеп жүрген қаламгерлер мен «Сапура Мәтенқызы » топ мүшелері ойларын ортаға салып, батыр қыздың бейнесін бүгінгі ұрпақ санасында қалыптастырудағы ұсыныс-пікірлерін және жас ұрпаққа батырларымыздың ерлігін насихаттап, көрсете білсек, олар тәуелсіздіктің бағасы мен патриоттық деген қасиетті ұғымды бойларына сіңіріп өсетіндігін жеткізді.
Сапура Мәтенқызының ерлігін, туған жеріне сүйіспеншілігі мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын ««Кіші жүздің Көктемірі» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.





2022 жылғы 16 ақпанда «Рухани жаңғыру – алаштың асыл мұраты...» атты тарихи-танымдық сағат өтті
- Подробности
- 22
2022 жылғы 16 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Рухани жаңғыру – алаштың асыл мұраты: тіл, жазу, мәдениет»тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізді.
Шараға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова қатысты.
Шарада елімізде үлкен рухани серпіліс туғызған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген тағылымы мол тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді, құндылықтарымызды зерделеп, жаңа жағдайға қарай бейімделу уақыт талабы екені айтылып, тіл, жазу, мәдениет туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.





2022 жылғы 10 ақпанда «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағаты өтті
- Подробности
- 21
2022 жылғы 10 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті сазгері Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағатын өткізді.
Ғазиза Жұбанованың рухани мұрасын, өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әлия Шалманова Ғ.Жұбанованың қазақтың ән-күйлерін жетік меңгергенін, музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және музейдегі экспонаттар туралы әңгімеледі.
№1 музыка мектебінің скрипка класының оқушысы Сагалова Алина, оқытушысы Надель Елена Сергеевна және концертмейстер Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызының сүйемелдеуімен Ғазиза Жұбанованың шығармасын орындап, әуезді, ерекше үнмен тамсантты.
«Желкен» әдеби клубының мүшесі М.Жұбанованың Ғазиза Жұбановаға арнаған арнау өлеңін оқыды.
«Ұшқан ұядан ән-күй әлеміне» кітап көрмесі және «Қазақтың көрнекті сазгері» тақырыбында слайд оқырмандар назарына ұсынылды.









.png)
